Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 "Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 8 маусымдағы № С-34/7 шешімі

      Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      4) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін күнкөріс минимумына бір еселік қатынастағы шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.";

      10-тармақтың 2), 4) және 5) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай - ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      "4) 9 мамыр - Жеңiс күнiне:

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 25 ( жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға

      15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға

      15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) кірістерді есепке алмағанда:

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, туберкулез, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6 және 7-баптарында көрсетілген адамдарға, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда және де Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасының он бірінші абзацында көрсетілген адамдарды және абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емделуге қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      Жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.

      11-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші абзацы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.

      2) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Азаматтарға (отбасыларға), дүлей зілзала салдарынан зардап шеккендерге 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, өрт болған жағдайда 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде беріледі. Әлеуметтік көмек табысы ескерілместен өтініш бойынша біржолғы тәртіппен үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.";

      14 және 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

      Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін жуықталады.

      15. Әлеуметтік көмек көрсету мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кеткен;

      3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;

      5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.".

      2. "Көкшетау қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді алғашқы ресми жарияланғаннан кейін "Көкшетау қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д. Әкімов

О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 ноября 2023 года № С-8/8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау"

Решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 8 июня 2026 года № С-34/7

      Маслихат города Кокшетау РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кокшетауского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау" от 24 ноября 2023 года № С-8/8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8654-03) следующие изменения:

      в приложении 1 к указанному решению:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, 1 раз в год, 1 раз в два года), осуществляется с месяца обращения.";

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся являются:

      1) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие пожара;

      3) наличие социально значимого заболевания;

      4) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму, устанавливаемому на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.

      При причинении ущерба имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара социальная помощь оказывается по месту нахождения пострадавшего имущества независимо от места регистрации его собственника.

      Специальная комиссия при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуется утвержденным местным представительным органом перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.";

      подпункты 2), 4) и 5) пункта 10 изложить в новой редакции:

      "2) к Международному женскому дню – 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать – героиня", а также награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;

      4) ко Дню Победы – 9 мая:

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР) за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;";

      5) ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода - 31 мая:

      жертвам политических репрессий и пострадавшим от политических репрессий в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Социальная помощь оказывается по заявлению, следующим категориям нуждающихся граждан за исключением лиц, находящихся на полном государственном обеспечении:

      1) без учета доходов:

      лицам (семьям), имеющим социально значимые заболевания (болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), туберкулез, злокачественные новообразования), состоящим на учете в организациях здравоохранения, по одному виду из заболеваний, 1 (один) раз в год в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, с заболеванием туберкулез в активной форме, находящимся на амбулаторном лечении, ежемесячно не более 6 месяцев в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      родителям или иным законным представителям инфицированных детей с болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), состоящих на диспансерном учете, ежемесячно в размере 2 (двух) прожиточных минимумов;

      лицам, указанным в статьях 5, 6 и 7 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий", а так же за исключением лиц, указанных в абзаце одиннадцатом подпункта 1) пункта 11 Правил и лиц с инвалидностью, которым в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации разработаны услуги санаторно-курортного лечения, на возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение в пределах Республики Казахстан на основании документов об оплате, 1 раз в год не более 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей;

      пенсионерам по возрасту на возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение в пределах Республики Казахстан, на основании документов об оплате 1 раз в два года в размере не более 30 (тридцать) месячных расчетных показателей.

      Абзац шестой подпункта 1 пункта 11 вводится в действие со дня официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2025 года.

      2) лицам (семьям) с учетом среднедушевого дохода ниже прожиточного минимума 1 раз в год в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей.";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия в размере не более 100 (сто) месячных расчетных показателей, в случае пожара не более 200 (двести) месячных расчетных показателей. Социальная помощь оказывается не позднее трех месяцев единовременно по заявлению без учета доходов.";

      пункты 14 и 15 изложить в новой редакции:

      "14. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города Кокшетау на текущий финансовый год.

      Уполномоченный орган по оказанию социальной помощи переводит в Государственную корпорацию суммы социальной помощи.

      Государственная корпорация перечисляет суммы социальной помощи, полученные от уполномоченного органа по оказанию социальной помощи, на банковские счета получателей социальной помощи.

      При исчислении и оказании социальной помощи все суммы, исчисленные в тиынах, подлежат округлению до одного тенге независимо от суммы тиынов.

      15. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;

      3) направления получателя на проживание в центры оказания специальных социальных услуг;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем;

      5) выявления сведений об утрате оснований на оказание социальной помощи.

      Подпункт 3) настоящего пункта не распространяется на выплату социальной помощи, назначенной по основаниям, указанным в подпунктах 1) и 2) пункта 7 настоящих Правил.

      Выплата социальной помощи по основаниям, указанным в подпунктах 1), 2) и 3) настоящего пункта, прекращается со следующего месяца после наступления указанных обстоятельств.

      Выплата социальной помощи по основаниям, указанным в подпунктах 4) и 5) настоящего пункта, прекращается с даты наступления указанных обстоятельств.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Кокшетау" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство Юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе государственного учреждения "Аппарат маслихата города Кокшетау" после его первого официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Кокшетау Д. Акимов