Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережелері мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 05 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |
| Көкшетау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы "____" ___________ № ________ қаулысына қосымша |
2026 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді бір қызмет алушыға көрсетуге арналған тарифтер
№ | Мекемелердің түрлері | Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге |
1. | Жартылай стационар жағдайында, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдар үшін | 14592 теңге 7 тиын |