"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 412 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2026 жылғы 24 сәуірдегі
  № 412 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 1507 бұйрығымен
  бекітілген

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға

Р/с №

Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) атауы

Өлшем бірлігі

Көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға (теңге)

1

Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау

көрсетілетін қызмет

545 000, 00


О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 30 декабря 2024 года № 1507 "Об утверждении цены на товары (работы, услуги), производимые и реализуемые республиканским государственным казенным предприятием "Военно-техническая школа Министерства обороны Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 апреля 2026 года № 412

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 30 декабря 2024 года № 1507 "Об утверждении цены на товары (работы, услуги), производимые и реализуемые республиканским государственным казенным предприятием "Военно-техническая школа Министерства обороны Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35587) следующее изменение:

      цены на товары (работы, услуги), производимые и реализуемые республиканским государственным казенным предприятием "Военно-техническая школа Министерства обороны Республики Казахстан", утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту организационно-мобилизационной работы Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан в электронном виде в течение пяти рабочих дней со дня его подписания на казахском и русском языках в соответствии с требованиями пункта 10 Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 472 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33059);

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней после дня первого официального опубликования настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны ‒ начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны Республики Казахстан
генерал-лейтенант авиации
Д. Косанов

  Приложение к приказу
Министра обороны
Республики Казахстан
от "24" апреля 2026 года № 412
  Утверждены приказом
Министра обороны
Республики Казахстан
от 30 декабря 2024 года № 1507

Цены на товары (работы, услуги), производимые и реализуемые республиканским государственным казенным предприятием "Военно-техническая школа Министерства обороны Республики Казахстан"

№ п/п

Наименование товаров (работ, услуг)

Единиц измерения

Цена за единицу услуги (тенге)

1

Подготовка граждан по военно-техническим и иным специальностям

услуга

545 000, 00