"Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 448/57-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 230/31-VII "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" шешімінің;

      2) "Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 230/31-VII "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 300/37-VII шешімінің;

      3) "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №230/31-VII шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 202/24-VIII шешімінің.

      3. "Астана қаласы мәслихатының аппараты" Мемлекеттік мекемесінің басшысы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

  Астана қаласы мәслихатының
2026 жылғы 28 шілдедегі
№ 448/57-VIII шешіміне
қосымша

"Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Астана қаласы мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Аппараттың ведомстволары жоқ.

      3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады

      11. Аппарат қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, материалдық-техникалық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) мәслихат қабылдайтын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;

      3) мәслихаттың және оның органдарының бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де мақсаттар.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен қажетті құжаттарды сұратуға;

      1.2) мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

      2) міндеттері:

      2.1) депутаттық сауалдар және депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жолдауға;

      2.2) Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде петицияларды қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      2.3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      15. функциялары:

      1) мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;

      2) мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының және шешімдердің өзге де жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау, мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;

      3) мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру;

      4) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарға қажеттілікті айқындау, іссапар шығындарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      5) мәслихат пен оның органдарының қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру, мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді жариялау;

      6) келіп түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинау, талдау, мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;

      7) мәслихаттың ресми сайтын мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      8) Аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу;

      9) мәслихат сессияларының қарауына петициялар шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      10) мәслихатқа жолданған заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;

      11) мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

      12) мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;

      13) петициялармен жұмыс жүргізуге мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

      14) қажет болған жағдайда петицияларды электрондық және (немесе) қағаз түрінде беру мәселелері бойынша азаматтарға консультациялық көмек көрсету;

      15) Аппарат қызметінің кадрлық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру;

      16) іс жүргізуді, құжат айналымын және құжаттардың архивте сақталуын жүргізу;

      17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Аппаратқа басқаруды Аппарат басшысы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Аппарат басшысы:

      1) Аппараттың қызметіне басшылық жасайды;

      2) Өз құзыреті шегінде Аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) Аппараттың "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына мемлекеттік қызметшілерді тағайындайды және көрсетілген лауазымдардан босатады;

      4) Аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу және үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы не мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда олардың міндеттерін жүктеу туралы өкімдердің жобаларын дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) Аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Аппарат басшысы уақытша болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Аппаратқа бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Аппарат маслихата города Астаны"

Решение маслихата города Астаны от 28 июля 2026 года № 448/57-VIII

      В соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Конституционным законом Республики Казахстан "О статусе столицы Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      1. Утвердить Положение о Государственном учреждении "Аппарат маслихата города Астаны" в новой редации согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу:

      1) решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2022 года № 230/31-VII "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Астаны";

      2) решение маслихата города Астаны от 28 декабря 2022 года № 300/37-VII "О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2022 года № 230/31-VII "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Астаны";

      3) решение маслихата города Астаны от 28 июня 2024 года № 202/24-VIII "О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2022 года № 230/31-VII "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Астаны".

      3. Руководителю Государственного учреждения "Аппарат маслихата города Астаны" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего решения.

      Председатель маслихата города Астаны Т. Зейнұлқабден

  Приложение
к решению маслихата
города Астаны
от "28" июля 2026 года
№____________

ПОЛОЖЕНИЕ о Государственном учреждении "Аппарат маслихата города Астаны"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат маслихата города Астаны" (далее – Аппарат) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере обеспечения деятельности маслихата города Астаны (далее – маслихат), его органов и депутатов.

      2. Аппарат не имеет ведомства.

      3. Аппарат осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Аппарата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 010000, город Астана, район "Сарыарка", ул. Бейбітшілік, № 11.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата.

      11. Финансирование деятельности Аппарата осуществляется из местного бюджета в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата.

Глава 2. Задачи, функции и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) организационное, документационное, правовое, материально-техническое, информационно-аналитическое обеспечение деятельности маслихата, его органов и депутатов;

      2) обеспечение соответствия решений, принимаемых маслихатом, действующему законодательству;

      3) обеспечение реализации контрольных функций маслихата и его органов;

      4) иные задачи, установленные законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия:

      1) права:

      1.1) запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций необходимые документы;

      1.2) привлекать работников государственных органов и иных организаций к участию в проработке вопросов, относящихся к компетенции маслихата;

      2) обязанности:

      2.1) направлять запросы в государственные органы и учреждения в целях обеспечения своевременного рассмотрения и реализации депутатских запросов и депутатских предложений;

      2.2) соблюдать требования законодательства Республики Казахстан, в том числе Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан при рассмотрении петиций;

      2.3) осуществлять иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) оказание организационных, документационных, правовых, информационно-аналитических услуг депутатам маслихата;

      2) контроль на соответствие действующему законодательству проектов нормативных правовых актов и иных проектов решений, вносимых на рассмотрение маслихата, осуществление мониторинга нормативных правовых актов, принятых маслихатом;

      3) организация работы постоянных комиссий маслихата;

      4) определение потребности в расходах на обеспечение деятельности маслихата, возмещение командировочных расходов, обеспечение депутатов необходимыми канцелярскими принадлежностями и иными товарами для осуществления депутатской деятельности;

      5) организация опубликования в средствах массовой информации сведений о деятельности маслихата и его органов, а также официального опубликования нормативных правовых актов, принимаемых маслихатом;

      6) сбор и анализ поступившей информации, отчетов руководителей исполнительных органов, подготовка справок о результатах деятельности государственных органов, отчитывающихся перед депутатами маслихата;

      7) наполнение официального сайта маслихата необходимой информацией о деятельности маслихата и обеспечение функционирования его разделов;

      8) организация направления сотрудников Аппарата на переподготовку и повышение квалификации;

      9) обеспечение организации вынесения петиций на рассмотрение сессий маслихата;

      10) осуществление контроля за соблюдением сроков и результатами исполнения обращений юридических и физических лиц, адресованных в маслихат;

      11) оказание консультативно-методической и информационной помощи должностным лицам и государственным органам по вопросам, входящим в компетенцию маслихата;

      12) обеспечение протоколирования сессий маслихата и заседаний постоянных комиссий;

      13) осуществление мониторинга рассмотрения петиций и контроля за их исполнением;

      14) оказание при необходимости консультативной помощи гражданам по вопросам подачи петиций в электронном и (или) бумажном виде;

      15) осуществление кадрового, финансового и материально-технического обеспечения деятельности Аппарата;

      16) ведение делопроизводства, документооборота и архивного хранения документов;

      17) иные функции в соответствии с действующим законодательством.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Аппарата осуществляется руководителем Аппарата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат задач и осуществление им своих функций.

      17. Руководитель Аппарата назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Руководитель Аппарата:

      1) руководит деятельностью Аппарата;

      2) организует, координирует и контролирует деятельность Аппарата в пределах своей компетенции;

      3) назначает на административные государственные должности корпуса "Б" служащих Аппарата и освобождает от указанных должностей;

      4) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссии Аппарата;

      5) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      6) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки, повышения квалификации, поощрения и установления надбавок государственным служащим Аппарата;

      7) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих Аппарата;

      8) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      9) организует сессии маслихата, заседания постоянных и временных комиссий маслихата;

      10) готовит проекты решений маслихата, а также проекты приказов о командировании депутатов маслихата и о возложении обязанностей в случае отсутствия председателя маслихата либо председателя постоянной комиссии маслихата;

      11) организует мероприятия по повышению квалификации депутатов;

      12) осуществляет иные полномочия, возложенные на руководителя Аппарата.

      19. Исполнение полномочий руководителя Аппарата в период его временного отсутствия осуществляется лицом, его замещающим, в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      20. Аппарат может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Аппарата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Аппаратом, относится к коммунальной собственности города Астаны.

      22. Аппарат не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Аппарата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.