Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII "Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Астана қаласының әлеуметтік көмекті көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында, аталған шешіммен бекітілген:
1-тараудың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Әлеуметтік төлемдер орталығы – әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының орталық филиалы;
1-тараудың 1-тармағының 18) тармақшасы алып тасталсын;
1-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) кезең-кезеңімен (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, ол өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады және Астана қаласында тіркелген әрі тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады."
1 тараудың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмекті көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру Астана қаласының ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады."
"Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімші) әлеуметтік көмек сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі әкімші тарапынан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын мөлшеріне қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенуге жатады.";
1-тараудың 5-тармағы алып тасталсын;
1-тараудың 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік көмек алушылар санаттары туралы мәліметтер әкімші тарапынан Мемлекеттік корпорацияға немесе өзге де ұйымдарға жолданған сұрау салу негізінде, не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады."
"9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:"
"9. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:"
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін Астана қаласынан тыс жерге кеткен;
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейін келесі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 22-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
1-тараудың 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Артық төленген әлеуметтік көмек сомалары ерікті түрде қайтарылуға жатады, ал заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.";
2-тараудың 13-тармағының 16-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) табиғи апат салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар) немесе олардың мүлкі;";
2-тараудың 13-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар) немесе олардың мүлкі;".
2-тараудың 13-тармағы 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, жасына байланысты зейнетақы алушылар санатындағы азаматтар;".
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Ақшалай нысанда әлеуметтік көмек көрсету тәртібі";
3-тараудың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Естелік күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек күнтізбелік жылда бір рет, бір негіз бойынша және ең жоғары сома мөлшерінде ақшалай төлем түрінде келесі азаматтар санаттарына тағайындалады:
2,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде:
8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) – көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылғандарға;
1 мамыр (Қазақстан халқының бірлігі күні) – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
31 мамыр (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) – саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға;
29 тамыз (Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні) – Астана қаласында біржолғы ақшалай өтемақы алған, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың ішіндегі жасына байланысты зейнеткерлерге;
1 қазан (Қарттар күні) – жасына байланысты зейнеткерлерге және ең төменгі зейнетақы мөлшерін алушылар санатындағы зейнеткерлік жастағы адамдарға.";
3-тараудың 16-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"26 сәуір (Чернобыль атом электр станциясындағы авария құрбандарын еске алу күні) – 1986–1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан тұлғалар қатарынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген жеңілдіктері бар ардагерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға, сондай-ақ 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарынан, оқшаулау және қоныстандыру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз бетінше көшіп келген) адамдарға, оның ішінде эвакуациялау күні ана құрсағында болған балаларға."
3-тараудың 18-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"басқа да адамдарға ("Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген), еңбек ардагерлеріне ("Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар) – 15 АЕК;
3-тараудың 19-тармағы алып тасталсын;
3-тараудың 20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Әкімші әлеуметтік көмек алушылардан өтініштерді талап етпестен, келесі санаттарға жататын адамдардың тізімдерін қалыптастырады:
осы Қағидалардың 14, 15, 16, 17, 18-тармақтарында, Мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде алынған мәліметтер негізінде;
осы Қағидалардың 39-тармағында, Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – "АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" МКҚК) мәліметтері негізінде.";
3-тараудың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Астана қаласын газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандырылуға жататын жеке тұрғын үйлерде тұратын, олардың меншік иелері болып табылатын немесе меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасына байланысты зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, егер оларда және олардың отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің төрт еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда тұрғын үйді газдандыруға арналған біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі."
Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің газ жабдығын тартуға және орнатуға байланысты нақты шығындары негізінде айқындалады, бірақ 130 АЕК-тен аспауы тиіс.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші әкімшіге келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) газ жабдығын тартуға және орнатуға байланысты тұлғаның шеккен шығындарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің көшірмелері, түбіртектер, қызмет көрсету шарты және т.б.);
3) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) кірістері туралы мәліметтер;
4) мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлік куәлік, мүгедектік туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері, жергілікті атқарушы органның қаулысы немесе бұйрығы);
5) отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
Құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшін көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші осы Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, әкімшіге өтінішпен жүгінеді.";
1, 2, 3-параграфтардың атауы алып тасталсын;
3-тараудың 22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мұқтаж азаматтар санатына жатқызу үшін негіздер:
1. табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келуі;
2. өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келуі;
3. әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4. жан басына шаққандағы орташа табыстың жергілікті өкілді органдар республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста айқындаған шектен аспауы.";
3-тараудың 25-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Осы Қағидалардың 22-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген кезде әкімші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын (осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтінішті) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жолдайды.".
3-тараудың 26-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды әкімшіге жолдайды.";
3-тараудың 27-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Әкімші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.";
3-тараудың 28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.";
3-тараудың 29-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Әкімші өтініш берушінің әлеуметтік көмек көрсетуге арналған құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы арнайы комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік көмекті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.".
Осы қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайда, әкімші өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";
3-тараудың 30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту негіздері анықталған жағдайда, әкімші шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіні алдын ала бас тарту туралы шешім жөнінде, сондай-ақ алдын ала шешімге қатысты өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу туралы хабардар етеді.";
3-тараудың 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің анық емес екендігі анықталған кезде;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;
3) адам (отбасы) жан басына шаққандағы орташа табысының әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен асып кеткен жағдайда;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен осы негіз бойынша әлеуметтік көмектің тағайындалғандығын, төлемдердің жүзеге асырылғандығын, әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берілгендігін растайтын мәліметтер алынған жағдайда.";
төлемдердің жүзеге асырылғаны, сондай-ақ осы негіз бойынша әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берілгені туралы әлеуметтік көмектің тағайындалғанын растайтын мәліметтер алынған кезде.";
3-тараудың 33-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілу негізі бойынша әлеуметтік көмек мынадай мөлшерлерде ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:
1) дүлей зілзаланың салдарынан зардап шеккендерге – жалғыз тұрғын үйіне залал келтірілген жағдайда, бір отбасына 400 АЕК;
2) өрт салдарынан зардап шеккендерге – жалғыз тұрғын үйіне залал келтірілген жағдайда, бір отбасына 400 АЕК;
3) өрт салдарынан отбасы мүшелерінің қаза болу жағдайы орын алған кезде – әрбір қайтыс болған адамға 150 АЕК.";
3-тараудың 34-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзі немесе отбасы атынан әкімшіге келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) дүлей зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;
3) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;
4) жоғалған, бүлінген тұрғын үйдің өтініш берушіге тиесілі екенін растайтын құжаттар:
меншік құқығында тиесілі тұрғын үй үшін – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама және құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тұрғын үй үшін – меншік иесі тарапынан тұрғын үйді күтіп-ұстау міндеті белгіленген тұрғын үйде тұру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және онымен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар – адам өлімі болған жағдайда.
Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке залал келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек зардап шеккен мүліктің меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан, мүлік орналасқан жері бойынша көрсетіледі.";
3-тараудың 36-тармақтағы "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тараудың 38-тармағы мынадай редакциядағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) әлеуметтік мәні бар аурудың бар екендігін растайтын құжат.";
3-тараудың 39-тармағының 2-абзацындағы "СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" деген сөздер "АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тараудың 40-тармағы алып тасталсын;
3-тараудың 41-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсына отырып, босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей жүгінген жағдайда, өтініші бойынша біржолғы әлеуметтік көмек ақшалай түрде 15 АЕК мөлшерінде бір рет көрсетіледі. Көрсетілген көмек өмірінде бір рет, міндетті түрде жұмысқа орналасу шартымен беріледі және қайта тағайындалмайды.";
3-тараудың 42-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Осы Қағидалардың 37, 39-тармақтарына сәйкес ұсынылатын әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар туралы мәліметтерді әкімшінің қызметкерлері жария етуге жатпайды.";
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген шектен аспайтын негіздер бойынша әлеуметтік көмек";
4-тараудың 43-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Әлеуметтік көмек келесі тегін көрсетілетін қызметтер және ақшалай төлемдер түрінде табысы есепке алынбастан азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
"1) Астана қаласында кемінде үш жыл тіркелген күннен бастап санаторийлік-курорттық емделу:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға (әзірленген абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) – тегін негізде;
жасына байланысты зейнеткерлерге жолдама құнының 20% төлемімен (әзірленген абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда);
ең төменгі зейнетақы мөлшерін алушылар қатарындағы жасына байланысты зейнеткерлерге жолдама құнының 15% төлемімен (әзірленген абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда)."
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген), бірақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – тегін негізде;
2) санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну жөніндегі іс-шара көзделген адамдарға (жұмыс берушінің кінәсінен өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру алған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда);
3) дәрілік қамтамасыз ету:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
4) Астана қаласында кемінде бір жыл тіркелген күннен бастап коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Заңда белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға.";
44-тараудың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) санаторийлік-курорттық емделу түріндегі әлеуметтік көмек үшін санаторийлік-курорттық карта;
3) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер.";
4-тараудың 47-тармағы алып тасталсын;
4-тараудың 48-тармағы алып тасталсын;
4-тараудың 49-тармағы алып тасталсын;
4-тараудың 50-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 45-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтарға жеткізушілер базасында санаторийлік-курорттық емделуден өту үшін жолдамалар беру арқылы көрсетіледі.";
4-тараудың 51-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу түріндегі әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 45-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген азаматтар санатынан бір адамға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы таңдалған, санаторийлік-курорттық ем көрсететін ұйымда болған кезеңіне нақты шығын мөлшерінде, бірақ 55 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі.";
4- тараудың 52-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 43-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтарға жеткізушілер базасында санаторийлік-курорттық емделуден өту үшін жолдамалар беру арқылы көрсетіледі.
Санаторийлік-курорттық емдеу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.
Санаторийлік-курорттық емделу мерзімі 14 (он төрт) күнтізбелік күнді құрайды.
Санаторийлік-курорттық емделуге құқық күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
Жасына байланысты зейнеткерлерге санаторийлік-курорттық емделуге құқық екі жылда бір рет беріледі.";
4-тараудың 55-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Жолдаманы дәлелді себептермен пайдаланбаған жағдайда, санаторийлік-курорттық емделуге құқық мүмкіндігінше келу кестесіне сәйкес басқа кезеңде берілуі мүмкін.";
4-тараудың 58-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және гигиена мен күтім заттарын (бұдан әрі – дәрілік заттар) тегін беру түрінде көрсетіледі және осы Қағидалардың 43-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтарға беріледі.";
4-тараудың 60-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Осы Қағидалардың 43-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын және дәрілік заттарға мұқтаж азаматтар белгіленген үлгідегі рецепт алу үшін уәкілетті медициналық ұйымға жүгінеді.";
4-тараудың 62-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үйді күтіп-ұстауға, телефон үшін абоненттік төлемге арналған ақшалай төлемдер осы Қағидалардың 43-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтарға тағайындалады.";
4-тараудың 64-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Ақшалай төлемдер мынадай мөлшерлерде беріледі:
ай сайын:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 8 АЕК мөлшерінде;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Заңда белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға – 4,5 АЕК;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері қатарындағы өзге адамдарға – 4,4 АЕК.";
4-тараудың 66-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Қаладағы жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға ақы төлеуге әлеуметтік көмек осы өзгерістер күшіне енген сәтте Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқуға ақы төлеуге әлеуметтік көмек тағайындалған және беріліп жүрген адамдарға тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім туралы құжат алғанға дейін оқуын аяқтау құқығы сақтала отырып беріледі.
Мұндай адамдардың оқуын қаржыландыру әлеуметтік көмек тағайындалған күнгі шарттар негізінде оқуын аяқтағанға дейін жүзеге асырылады.";
4-тараудың 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94-тармақтары алып тасталсын.
2. Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және айқындау қағидаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Астана қаласының мәслихатының қарауына жіберілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т.Зейнұлқабден |