Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін ұсынуды.
4. осы қаулыны Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | М. Өмірәлиев |
| Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "24" желтоқсандағы № 278 қаулысына қосымша |
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін қызметтерге жан басына шаққандағы тарифтер
№ | Қызмет түрлері | Лауазым | Бір қызмет алушыға шаққандағы бір күндік қызметтің құны (теңге) |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер | |||
1. | Денсаулық жағдайы байланысты өзін-өзі күтудің, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзілдірік немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
2. | Жерлеу қызметтерін ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызметтерді алушының туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде) | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 1834,8 |
3. | Қызметтерді алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызметтер көрсетушінің және гигиеналық-санитариялық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету; | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
4. | Мүгедектігі бар балалармен үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 1834,8 |
5. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдармен үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 1834,8 |
6. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға хат жазу және оқуға көмек көрсету | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
7. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беруге жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
8. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ас әзірлеуге көмектесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 1834,8 |
9. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың пешін жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
10. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың киімдерін жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келуге жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 611,6 |
11. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың кірін жууға көмектесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
12. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың тұрғын үй-жайларын жөндеуге және жинауға жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
13. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
14. | Жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (мамандардың жұмысын үйлестіру, қызметтерді жеке жоспарға сәйкес көрсетілуін мониторингтеу) | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 135,35 |
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер | 0 | ||
15. | Тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
16. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
17. | Қызмет алушылар саны бойынша есеп жүргізу, статистика және есептілік жүргізу; әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер | 0 | ||
18. | Мерекелер мен бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастыру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
19. | Үйірме және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
20. | Қызмет алушыларды бос уақытты өткізуге, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
21. | Мәдени іс-шараларға қатысу кезінде қызметтерді алушыларға ілесіп жүру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 1834,8 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер | |||
22. | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
23. | Заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
24. | Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызметтерді алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 457,7 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
25. | Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
26. | Қызметтерді алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
27. | Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 330,7 | ||
28. | Қызметтерді алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға құжаттарды ресімдеуге көмектесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
29. | Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының, оның ішінде ТҚА бұзылған балалардың тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
30. | Қызметтерді алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
31. | Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 152,9 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 165,35 | ||
Әлеуметтік-медициналық қызметтер | |||
32. | Профильді маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
33. | Дәрігерге дейін көмек көрсету | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
34. | Дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу | 305,8 | |
35. | Мүгедектігі бар балаларға ОЖБ-на сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
36. | Ересектерге ОЖБ-на сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
37. | Қызмет алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
38. | Денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімдер) | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
39. | Емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
40. | Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
41. | Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман/кейс-менеджер әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант) | 992,1 | ||
42. | Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
43. | ОЖБ-на сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 458,7 |
44. | Әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
45. | Үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарына дейін қызметтерді алушыларға ілесіп жүру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 1834,8 |
46. | Мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға санитариялық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру) | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
47. | Оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу (реабилитациялық қызметтерді алу кезінде ілесіп жүру) | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 1834,8 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер | |||
48. | Балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 917,4 |
49. | Жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда ТҚА бұзылған балалардың білім алуына жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
50. | Ересектерге кәсіптік білім алуға жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
51. | Балаларды және 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол шеберлігі, тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас дағдылары және әлеуметтік дағдылардың қалыпты деңгейімен өмірдің басқа да нысандары негіздеріне үйрету | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
52. | Әлеуметтік-педагогикалық консультация беру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
53. | Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
54. | Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
55. | Ата-аналарына және отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
56. | Үй жағдайында отбасы мүшелеріне балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтері | |||
57. | ТҚА бұзылған балаларды, мүгедекттігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
58. | Жұмысқа орналасуына жәрдемдесу | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
59. | Қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелерін үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер | |||
60. | Қызметтерді алушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 611,6 |
61. | Қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайлардың алдын алу және жою үшін қызметтерді алушылармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |
62. | Әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау); | Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер | 305,8 |