Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8950), Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін кеңейту:
Батыс Қазақстан облысының Орал және Ақсай қалаларындағы гемодиализ орталықтары;
Батыс Қазақстан облысының Орал және Ақсай қалаларындағы медициналық мекемелер.
2. Инватакси қызметін алушылардың санаты кеңейтілсін:
көру қабілеті нашар және жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек тұлғаларға;
18 (он сегіз) жасқа дейінгі мүгедек балаларға.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Өмірәлиев |