Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Жәнібек аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 4 шілдедегі № 7 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1."Жәнібек ауданы Қамысты ауылы аумағындағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Жәнібек ауданы әкімінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | М. Бисенов |