Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 282 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары омы қаулының 1,2,3,4 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Тукжановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Имашев

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 282 қаулысына1-қосымша

      Ақсай қаласындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жаңақоныс,Бесағаш, Бақтыарал, Утвин ауылдарының балаларын тасымалдау схемасы

     


  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 282 қаулысына
2-қосымша

      Жарсуат ауылындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің "Жарсуат жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Димитрово және Қарашығанақ ауылдарынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 282 қаулысына 3-қосымша

      Аралтал ауылындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Аралтал және Пепел ауылдарында тұратын балаларды тасымалдау схемасы

     


  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 282 қаулысына 4-қосымша

      Қызылтал ауылындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қызылтал ауылында Құрылыс 4, Ақжайық, Бейбарыс,Солтүстік көшелеріндегі тұратын балаларды тасымалдау схемасы

     


  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 282 қаулысына 4-қосымша

Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі (бұдан әрі – Тәртібі) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес әзірленген және Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.

2-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі

      2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автобустардың техникалық жай-күйі, техникалық қызмет көрсету өткізудің көлемдері мен мерзімдері, жабдықтары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23 - 10) - тармақшасының талаптарына сәйкес жауап беруі тиіс.

      Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар, автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар және соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.

      Тасымалдаушы рейс алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген жүргiзушiні жол жүруге жібермейді.

      Тегін автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.

      Екi және одан көп автобус колонналарына жол жүрісі қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнаулы автомобильдерi iлесiп жүруге тиiс.

      Балаларды тасымалдауды жүзеге асыруға автобустарды дайындау бұйрықтың 12- тaрауының 3 - параграфына сәйкес жүргізіледі.

      Балаларды тасымалдауға бөлiнген автобустарда орындықтардың орналасуы жол жүрген кезде оларды алып жүретiн ересектерге өздерiнiң орындарынан балалардың мiнез-құлқын бақылауға мүмкiндiк беруi тиiс.

      3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.

      4. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.

      Балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.

      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

      5. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

      6. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) рұқсат етілмейді.

      Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы ұйымдастырушыға дереу хабарлауы керек.

      7. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен ұйымдастырушы келіседі.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетіледі. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы ұйымдастырушыға хабарлайды, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

      8. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезінде тасымалдаушы тапсырыс берушімен бірлесіп балалардың жиналу пунктінде және келу пунктінде автобустардың аялдауы үшін алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексереді. Отырғызу және түсіру орындары автобус тұрағынан кемінде 30 метр қашықтықта орналасады.

      9. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.

      10. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкін.

      11. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі.

      Жеті жасқа толмаған балалар білім беру мекемесі жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруі кезінде ғана жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.

      12. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек ерiп жүрушiлерге рұқсат етiлмейдi:

      1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;

      2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.

      13. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне мыналар рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе құрал жабдықтарды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.

      14. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталады.

      15. Автокөлік құралдарының салондарына (кабиналарына) арналған әрлеу материалдары механикалық әсерлерге, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан жасалады.

Об утверждении схем и Порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района

Постановление акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 31 июля 2025 года № 282

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "Об автомобильном транспорте", приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11550) акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района согласно приложениям 1, 2, 3, 4 к настоящему постановлению.

      2. Утвердить Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района согласно приложению 5 к настоящему постановлению.

      3. Государственное учреждение "Отдел образования Бурлинского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района А.Тукжанова.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима района Д. Имашев

  Приложение 1 к постановлению
акимата Бурлинского района
от 31 июля 2025 года № 282

      Схема перевозки детей, проживающих в населенных пунктах Жанаконыс, Бесагаш, Утвинка, Бахтыарал до коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа № 5 города Ақсай" отдела образования Бурлинского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области" отдела образования Бурлинского района Западно-Казахстанской области города Аксай

     


  Приложение 2 к постановлению
акимата Бурлинского района
от 31 июля 2025 года № 282

      Схема перевозки детей, проживающих в селах Карачаганак и Димитрово до коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа Жарсуат" отдела образования Бурлинского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 3 к постановлению
акимата Бурлинского района
от 31 июля 2025 года № 282

      Схема перевозки детей, проживающих в селах Аралтал, Пепел до коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа №8 города Ақсай" отдела образования Бурлинского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 4 к постановлению
акимата Бурлинского района
от 31 июля 2025 года № 282

      Схема перевозки детей, проживающих в селе Қызылтал улицы Құрылыс 4, Ақжайық, Бейбарыс,Солтүстік до коммунальногогосударственного учреждения "Общеобразовательная школа № 7 города Ақсай" отдела образования Бурлинского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 5 к постановлению
акимата Бурлинского района
от 31 июля 2025 года № 282

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района (далее – Порядок) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте" и приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11550) (далее - Приказ) и определяет порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района.

Глава 2. Порядок перевозок детей

      2. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям Правил технической эксплуатации автотранспортных средств, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 547, согласно подпункта 23-10) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте".

      Для перевозки детей допускаются водители в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет, имеющие непрерывный стаж работы в качестве водителя автобуса не менее трех последних лет и не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и Правил дорожного движения.

      Перевозчиком не допускается к поездке водитель, не прошедший предрейсовое и послерейсовое медицинское освидетельствование.

      Общее количество детей и взрослых, перевозимых бесплатным автобусом, не превышает количество мест, оборудованных для сидения и установленных для данного транспортного средства.

      Колонны из двух и более автобусов должны сопровождаться специальными автомобилями уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения в порядке, предусмотренном уполномоченным органом в области безопасности дорожного движения.

      Подготовка автобусов к осуществлению перевозок детей проводится в соответствии с параграфом 3 Главы 12 Приказа.

      Расположение сидений автобусов, выделяемых для перевозки детей, должно позволять взрослым сопровождающим со своих мест осуществлять контроль за поведением детей во время движения.

      3. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.

      4. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.

      Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.

      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.

      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.

      5. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.

      6. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь и другие) не разрешается.

      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом заказчика.

      7. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.

      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.

      8. При подготовке к массовым перевозкам детей и перевозке детей на дальние расстояния перевозчик совместно с заказчиком проверяет наличие площадки для стоянки автобусов в пункте сбора детей и в пункте прибытия, наличие посадочной площадки. Места посадки и высадки располагаются на расстоянии не менее 30 метров от места стоянки автобуса.

      9. Перевозка детей автобусом в светлое время суток осуществляется с включенным ближним светом фар.

      10. Массовые перевозки организованных групп детей и перевозки организованных групп детей на дальние расстояния выполняются перевозчиком только при условии сопровождения детей преподавателями или специально назначенными взрослыми (один взрослый не более чем на 15 детей).

      11. К перевозкам организованных групп детей допускаются дети не младше семи лет.

      Дети, не достигшие семилетнего возраста, могут быть допущены к поездке только при индивидуальном сопровождении работниками учреждения образования, а также родителями и лицами, их заменяющими.

      12. К поездке на автобусах не допускаются дети и взрослые сопровождающие:

      1) в возбужденном состоянии, которое приводит к нарушению мер безопасности;

      2) находящиеся под воздействием алкоголя, наркотических, психотропных и токсических веществ.

      13. Водителю автобуса при перевозке детей не разрешается:

      1) следовать со скоростью более 60 километров в час;

      2) изменять маршрут следования;

      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;

      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;

      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;

      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;

      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.

      14. Автобусы, предназначенные для перевозки детей имеют не менее двух дверей и соответствуют пункту 1 приложения 25 к Санитарным правилам "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов", утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2021 года № ҚР ДСМ-5 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22066), а также оборудуются:

      1) квадратными опознавательными знаками "Перевозка детей", которые устанавливаются спереди и сзади автобуса;

      2) проблесковым маячком желтого цвета;

      3) двумя легкосъемными огнетушителями емкостью не менее двух литров каждый (один – в кабине водителя, другой – в пассажирском салоне автобуса);

      4) двумя аптечками первой помощи (автомобильными) с лекарственными средствами и изделиями медицинского назначения согласно приказу Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 368 "Об утверждении перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9649);

      5) двумя противооткатными упорами;

      6) знаком аварийной остановки;

      7) при следовании в колонне – информационной табличкой, с указанием места автобуса в колонне, которая устанавливается на лобовом стекле автобуса справа по ходу движения.

      15. Отделочные материалы для салонов (кабин) автотранспортных средств изготавливаются из материалов, стойких к механическим воздействиям, воздействию моющих и дезинфицирующих средств.