Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 2780 және Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-8 "Орал қаласы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Орал қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Калиев |