Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1-бөлімде:
бірінші жол келесі редакцияда жазылсын:
1 | Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Сакубитрил+ Валсартан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар; Эплеренон үлбірлі қабықпен қапталған таблетка |
;
жиырма алтыншы, жиырма жетінші жолдар алынып тасталсын;
отыз сегізінші жол келесі редакцияда жазылсын:
38 | Басқа көріністі жылауықты фиброз, Муковисцидоз, аралас түрі, ішектер мен тыныс алу жолдарының зақымдалуы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Инфузияға арналған құтыдағы микроэлементтер ерітіндісі, суда ерігіш дәрумендер, инфузияға арналған құтыдағы лиофилизат ұнтақ, май эмульсиялары, майда еритін дәрумендер, инфузияға арналған құтыдағы эмульсия Трилекса -"Элексакафтор 100 мг-тезакафтор 50 мг-ивакавтор 150 мг, Трилекса "Элексакафтор 100 мг-тезакафтор 50 мг-ивакафтор 75 мг |
;
келесі мазмұндағы қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы жолдармен толықтырылсын:
43 | Көптеген миелома | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Помалидомид капсула |
44 | Жедел миелобластылық лейкоз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Венетоклакс үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
45 | Қалқанша безінің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Вандетаниб үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
46 | Сүт безінің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Трастузумаб Дерукстекан инфузияға арналған ерітінді концентратын дайындауға арналған лиофилизат |
47 | Басым түрде ергежейлілікпен білінетін туа біткен аномалиялар синдромы | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Соматропин, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, инъекцияға арналған ерітінді |
48 | Қозғалтқыш невронның ауруы, бүйірлік амиотрофиялық склероз | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Рилузол үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
49 | Диффузды остеопороз, деформациялаушы спондилез | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Терипаротид, тері астына енгізуге арналған ерітінді, шприц-қалам |
50 | Гиперкинетикалық церебралды спастикалық салдану | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Ботулинді токсин |
51 | Анықталмаған дистония | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Селегилин үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
52 | Ауыр миастения | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Иммуноглобулин, көктамыр ішіне енгізу үшін |
53 | Симптоматикалық эпилепсия | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Руфинамид, үлбірлі қабықпен қапталған таблетка |
54 | Созылмалы қабынбалы демиелиниздеуші полинейропатия | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Иммуноглобулин, көктамыр ішіне енгізу үшін |
55 | Идиопатиялық өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Мацитентан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
56 | Лимфангиолейомиоматоз | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Сиролимус, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
;
3-бөлім келесі мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші жолдармен толықтырылсын:
5 | Орташа белок-энергетикалық жеткіліксіздік | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диеталық тамақтануға арналған мамандандырылған емдік өнімдер |
6 | Зат алмасуының бұзылуы, Гомоцистинурия | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | 1 жастан асқан балаларға арналған емдік тамақтануға арналған мамандандырылған құрғақ өнім |
7 | Айқындалмаған дистония | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Мамандандырылған емдік өнімдер |
8 | Спастикалық церебральды сал ауруы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Нутритивтік қолдауға мұқтаж адамдарға арналған мамандандырылған тамақтану |
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші, алтыншы абзацтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | М. Мұқаев |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
мг – миллиграмм.