"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, Самар ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 6 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самар ауылындағы "Ешкибайское" су қоймасы бөгетінің шегіндегі аумақта объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. "Шығыс су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (М. Нургалиев) (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген аумақта объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында тиісті іс-шараларды жүргізсін. Атап айтқанда, гидротехникалық құрылғыны реконструкциялау жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы жедел әзірлеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | Ж. Майкенев |