ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тарбағатай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы | О. Канагатов |