Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Катонқарағай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерiн бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 38/334-VI шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабыны 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1- тармағының 13) тармақшасына сәйкес";
көрсетілген шешімнің 2- қосымшасы осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Б. Болаев |
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 28/325-VIІІ шешіміне 1-қосымша |
|
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 38/334-VI шешіміне 2-қосымша |
Катонқарағай ауданының жерлерін (елді мекендердің жерлерінен басқа) аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)