ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 43/3-VІ "Алтай ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерiн бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-191болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 577, 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері, жерлерге:
1) Алтай қаласы (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:
I, II, V, VI-аймақтар бойынша – 50 % арттырылсын;
III, IV-аймақтар бойынша – 40 % арттырылсын.
2) Серебрянск қаласы (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:
I, II, III, IV, V-аймақтар бойынша – 50 % арттырылсын.
3) Алтай ауданының ауылдық елді мекендері (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:
I, II, III, IV, V-аймақтар бойынша – 50 % арттырылсын;
VI-аймақ бойынша – 40 арттырылсын;
VII-аймақ бойынша:
Дородница, Бородино ауылы – 50 % арттырылсын;
Заводинка, Северное, Васильевка, Богатырево, Шірікқайың, Александровка ауылы (Средигорное ауылдық округі) – 40 % арттырылсын;
Баяновск, Андреевка, Пролетарка, Орловка, Крестовка ауылы - 30 % арттырылсын.
VIII-аймақ бойынша:
Ермаковка, Алтайка ауылы – 50 % арттырылсын;
Бұқтырма, Селезневка станциясы, Быково, Кутиха ауылы – 40 % арттырылсын;
Сажаевка ауылы – 30 % арттырылсын.
IX-аймақ бойынша:
Березовка ауылы – 50 % арттырылсын;
Александровка, Кремнюха ауылы – 40 % арттырылсын.
4) Алтай ауданының елді мекендерінен тыс орналасқан өнеркәсіп, жер салығының базалық мөлшерлемесі:
I-аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
II-аймақ бойынша – 40 % арттырылсын;
III-аймақ бойынша – 30% арттырылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Алтай ауданының мәслихат төрағасы | Л. Гречушникова |