ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы | А. Калигожин |