Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Риддер қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Риддер қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 8/6-VIII "Риддер қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Риддер қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Нужных |
| Риддер қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі №30/6-VIII шешіміне қосымша |
Риддер қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Қызметтердің құны, теңге |
ҚҚС қоса алғанда, жақсартылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлер | айына 1 тұрғынға | 803 |
ҚҚС-сыз бірлікке (көлемге) жылдық тариф | 1 м3 | 4392,08 |
ҚҚС-пен бірлікке (көлемге) жылдық тариф | 1 м3 | 4919,13 |