Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 07 ақпандағы № 460 "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілісін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бөлімнің штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.";
15-тармақтың 15) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке қабылдауға арналған телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қол жеткізу карталарын тарату түрінде жасалған Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу;".
"Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекетік мекемесі:
осы қаулыны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы | А. Маулетханов |