Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі №95 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
18-тармақтың 1) және 2) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың директорларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың директорларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын көтермелейді және тәртіптік жазаға тартады";
14-тармақтың 27) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"27) мемлекеттік орман қоры аумағында табиғи өрттерді сөндіру үшін ормандағы өрт қаупі жоғары маусымға арналған жанар-жағармай материалдарының қорын, сондай-ақ орман өрттерін сөндіру үшін әуе кемелерін тарту қажет болған жағдайда авиациялық отын қорын жасайды";
14-тармақтың 51) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"51) ғылыми зерттеулер негізінде балық шаруашылығы су айдындары мен (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді";
14-тармақ мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3 тармақшаларымен толықтырылсын:
"59-1) балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялауды жүзеге асырады;
59-2) аквашаруашылық субъектілерін және аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектілерді субсидиялауды жүзеге асырады;
59-3) құзыреті шегінде аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады";
14-тармақтың 12), 71), 57), 58), 86) тармақшалары алып тасталсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |