"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17, 164-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақтың 8), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қажет болған жағдайда балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтарын, оның ішінде бейімделген дене шынықтыру мен спортты құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) қажет болған жағдайда халыққа арналған спорт секцияларының жұмысын және спорттық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының спорттық ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды";
Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
11, 12, 28-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";
"12. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі.";
"28. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";
мынадай мазмұндағы 38-тармақпен толықтырылсын:
"38. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
"Келісілді" Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы _______________ Н. Маратов 2025 жылғы "____" _______________ |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "15" қыркүйектегі № 227 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына 2-қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Басқарма басшысы
Басқарма басшысының орынбасары
Жоғары спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімі
Бұқаралық спорт және спорт инфрақұрылымы бөлімі
Әкімшілік-қаржы бөлімі