"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 199 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 шілдедегі № 184 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 14 маусымдағы № 99-ө өкімін орындау үшін, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 199 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5174 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

О признании утратившим силу постановления Восточно-Казахстанского областного акимата № 199 от 9 августа 2017 года "Об утверждении размеров выплат ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерами руководителям клубных команд"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 28 июля 2025 года № 184

      Во исполнения распоряжения Премьер Министра Республики Казахстан № 99-р от 14 июня 2025 года, в соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление Восточно-Казахстанского областного акимата № 199 от 9 августа 2017 года "Об утверждении размеров выплат ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерами руководителям клубных команд" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5174).

      2. Государственному учреждению "Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для опубликования в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области, курирующего вопросы физической культуры и спорта.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Восточно-Казахстанской области Н. Сактаганов