Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Концессиялар туралы"" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сауран ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 қарашадағы "Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару және бөлу нормативі туралы" №348 қаулысының күші жойылсын.
2. "Сауран ауданының әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1)осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2)осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің салалық орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Сауран ауданының әкімі | М.Таңғатаров |