"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 39-3-бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 маусымда № 32894 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби ауданында елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Төлеби ауданында елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | Н.Қойбағаров |
| Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы "24" қыркүйектегі №28/169-VIII шешіміне 1 қосымша |
Төлеби ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Төлеби ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Төлеби ауданының, ауылдың және ауылдық округтің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың және ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдың және ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Төлеби аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауыл және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
| Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы "24" қыркүйектегі №28/169-VIII шешіміне 2 қосымша |
Төлеби ауданының елді мекендер аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
№ | Төлеби ауданының қала, ауылдық округтер атауы | Төлеби ауданының елді мекендерінің атауы | Төлеби ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Ленгір қаласы | 23 | |
Барлығы | 23 | ||
| Алатау ауылдық округі | Екпінді елді мекені | 1 |
Біркөлік елді мекені | 1 | ||
Қайнар елді мекені | 1 | ||
Алатау елді мекені | 2 | ||
Шұбарағаш елді мекені | 1 | ||
Шатыртөбе елді мекені | 1 | ||
Қорған елді мекені | 1 | ||
Қосағаш елді мекені | 1 | ||
Жаңатұрмыс елді мекені | 1 | ||
Нысанбек елді мекені | 1 | ||
Барлығы | 11 | ||
| Аққұм ауылдық округі | Момынай елді мекені | 3 |
Жаңаұйым елді мекені | 2 | ||
Аққұм елді мекені | 2 | ||
Барлығы | 7 | ||
| Бірінші Мамыр ауылдық округі | Бірінші Мамыр елді мекені | 4 |
Жаңажол елді мекені | 2 | ||
Бейнеткеш елді мекені | 2 | ||
Тағайна елді мекені | 1 | ||
Алғабас елді мекені | 2 | ||
Ынтымақ елді мекені | 1 | ||
Зағамбар елді мекені | 3 | ||
Барлығы | 15 | ||
| Зертас ауылдық округі | Зертас елді мекені | 7 |
Жаңа күш елді мекені | 2 | ||
Барлығы | 9 | ||
| Жоғарғы Ақсу ауылдық округі | Мәдени елді мекені | 4 |
Сарқырама елді мекені | 3 | ||
Барлығы | 7 | ||
| Кемеқалған ауылдық округі | Ақбастау елді мекені | 2 |
Әңгірата елді мекені | 2 | ||
Абай елді мекені | 2 | ||
Ұйымшыл елді мекені | 2 | ||
Қарақия елді мекені | 1 | ||
Қаратөбе елді мекені | 2 | ||
Барлығы | 11 | ||
| Киелітас ауылдық округі | Достық елді мекені | 3 |
Ақайдар елді мекені | 3 | ||
Киелітас елді мекені | 3 | ||
Сұлтанрабат елді мекені | 4 | ||
Барлығы | 13 | ||
| Көксәйек ауылдық округі | Көксәйек елді мекені | 6 |
Қазақстан елді мекені | 3 | ||
Жіңішке елді мекені | 1 | ||
Алтынбастау елді мекені | 1 | ||
Барлығы | 11 | ||
| Қаратөбе ауылдық округі | Қаратөбе елді мекені | 3 |
Қостөбе елді мекені | 1 | ||
Балдыберек елді мекені | 2 | ||
Майбұлақ елді мекені | 2 | ||
Төңкеріс елді мекені | 1 | ||
Барлығы | 9 | ||
| Қасқасу ауылдық округі | Қасқасу елді мекені | 3 |
Жоғарғы қасқасу елді мекені | 1 | ||
Кеңесарық елді мекені | 2 | ||
Керегетас елді мекені | 1 | ||
Барлығы | 7 | ||
| Қоғалы ауылдық округі | Диханкөл елді мекені | 3 |
Ұзынарық елді мекені | 3 | ||
Алшалы елді мекені | 1 | ||
Барлығы | 7 | ||
| Тасарық ауылдық округі | Тасарық елді мекені | 3 |
Ханарық елді мекені | 2 | ||
Жамбыл елді мекені | 2 | ||
Оңтүстік елді мекені | 2 | ||
Барлығы | 9 | ||