ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес,Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) мөлшерлемесін 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Созақ аудандық мәслихатының төрағасы | О.Жәмиев |