Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Сайрам ауданы Колкент ауылдық округіндегі келесі елді мекендердің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Көлкент ауылдық округінің Ақсуабад елді мекенінің шекарасына Сайрам ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 402,1458 гектар жер қоса отырып, Көлкент ауылдық округінің Ақсуабад елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы көлемі 895,2159 гектар болып белгіленсін;
2) Көлкент ауылдық округінің Ханқорған елді мекенінің шекарасына Сайрам ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 24,0 гектар жер қоса отырып, Көлкент ауылдық округінің Ханқорған елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы көлемі 104,1825 гектар болып белгіленсін;
3) Көлкент ауылдық округінің Шапырашты елді мекенінің шекарасына Сайрам ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 141,4988 гектар жер қоса отырып, Көлкент ауылдық округінің Шапырашты елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы көлемі 152,4329 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Сайрам ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сайрам аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Сайрам ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сайрам аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сайрам ауданының әкімі | М.Оразалиев |
| Сайрам аудандық мәслихатының төрағасы | Ш.Халмурадов |