Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысына сәйкес, Бадам ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бадам ауыл округі "Мамыр" ауылындағы атауы жоқ көшеге – Әбдіоқап Мақсұтұлы атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бадам ауыл округі әкімінің орынбасары А.Шагировке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бадам ауыл округі әкімі | Н.Байбахов |