"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 3 тармақшасымен бекітілген Қазығұрт ауданы әкімдігінің "Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін;
көрсетілген қаулының 1 тармағының 4 тармақшасымен бекітілген Қазығұрт ауданы әкімдігінің "Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін;
көрсетілген қаулының 1 тармағының 7 тармақшасымен бекітілген Қазығұрт ауданы әкімдігінің "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы қаулының бірінші тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Медеуовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | М.Ш.Аширбаев |
| Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 316 қаулысына 1 қосымша |
|
| Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283 қаулысына 3 – қосымша |
"Қазығұрт аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. "Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту саясаты саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №95 үй, индекс 160300.
10. Осы ереже Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару, тұрғын үйді инспекциялау болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызмет хат алмасу жүргізу;
- ауданның атқарушы органдарынан қажетті құжаттарымен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау.
- аудандық әкімдіктің және мәслихаттың мәжілістеріне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың жиналыстарына қатысу.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) Міндеттері:
1) жергілікті, өкілетті және атқарушы органдардың актілерін жасауға қатысады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауданның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту, жолаушылар көлігі мен тасымалдауды ұйымдастыру, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; коммуналдық тұрғын үйлерді беру және оны жекешелендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;
2) объектілермен коммуникациялардың құрылысын, қайта құрылуын, қалпына келтіру, күрделі жөнделуін, аумақтардың абаттандырылуын, көгалдандырылуын реттейтін мәселелердің нормалары мен ережелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
3) шаруашылық құрылымдық бөлімшелердің, ведомоствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін басқаруды жүзеге асырады, белгіленген тәртіпте оларды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар дайындайды.
4) мекеменің құзыреті шегінде тұрғын үй –коммуналдық шуашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізеді;
6) экономикалық тұрақты жұмысты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
7) коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар қызмет берушілермен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;
8) халыққа және бюджеттік сала объектілеріне кәсіпорындар ұсынатын коммуналдық қызметтерге, жолаушыларды тасымалдауға бағалар мен тарифтердің дәлелділігін келіседі және тексереді, олар бойынша қорытындылар береді және баға мен монополияға қарсы саясат бойынша облыстық мемлекеттік комитетке келісуге ұсыныстар енгізеді;
9) коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алуды және бөлуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін азаматтардан белгіленген тәртіппен құжаттар, өздері тұрып жатқан тұрғын алаңды жекешелендіруге өтініштер мен құжаттар қабылдайды;
11) тұрғын үй мәселесі бойынша азаматтардан, ұйымдардан, мекемелерден келіп түскен өтініштерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жағдайын талдайды, тұрғын үй комиссиясының қарауына тиісті ұсыныстар енгізеді;
12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды, тұрғын үй саясаты мәселесі бойынша аудан әкімдігінің құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады;
13) белгіленген тәртіппен:
-мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі тұрғын жайларға қоныстану құқығына жалдау шарттарын;
-қызметтік тұрғын жайларын алуға жалдау шарттарын;
-тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы шарттарды рәсімдеуді жүзеге асырады.
14) тұрғын үй комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді, бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
15) автобустарды, шағын автобустарды және таксилерді қолданумен жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
16) жолаушыларды және жүкті тұрақты аудандық автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастырады;
17) автомобиль жолдарын дамытудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сай бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырады;
20) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды;
21) кондоминиум объектісінің басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі;
22) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;
23) елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
24) көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастырады;
25) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындайды;
26) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келіседі;
27) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;
28) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығарады;
29) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу жатады;
30) "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметті көрсетеді.
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) ауданның тұрғын үйлерін жылыту маусымына дайындау, пәтер иелері кооперативтеріне (бұдан әрі –ПИК) жұмыс, су тасқынына дайындау;
2) Ауданның тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, жылу-электр мен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация бойынша жұмыстарды бақылау, ұйымдастыру және жүргізу;
3) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және тексіздерді жерлеу;
4) ауданның көше-жол желілеріндегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
5) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту;
6) сумен жабдықтау, су бұру және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
7) аудандық жолаушылар көлігі мен таксидің тұрақты бағыттарына жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сай бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
9) ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу;
10) жергілікті атқарушы органның резерві есебінен шұғыл шығындарға арналған іс-шаралар өткізу;
11) елді мекендерді абаттандыру, елді мекендердің тазалық жағдайын қамтамасыз ету, елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізу, жерлеу орындарын күтіп-ұстау аудан көшелерімен өзге де елді мекендердегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
12) көлік инфроқұрылымын дамыту, барлық меншік нысандарындағы жолаушыларды тасымалдаушыларды жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігінің, қауіпсіздік техникасымен санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келетін диспетчерлік қызметпен және аялдау павильондарымен (аялдамалармен) қамтамасыз ету;
13) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тексеруді "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасынң Заңына сәйкес жүргізу болып табылады;
14) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;
15) объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
16) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуы;
17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына;
18) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
19) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;
20) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге;
21) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;
22) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
23) Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
24) Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.
25) Елді мекендерді электр желісімен және газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстарын жүргізеді;
26) Құрылысы аяқталған электр және газ жүйесі нысандарының және көше жарықтарының құжаттарын рәсімдеп, елді мекен тұрғындарына электр жарығын қосу жұмыстарын үйлестіреді;
27) ауданның коммуналдық меншігіндегі электр желілерінің және газ жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
29) Елді мекендерді электр желісімен және газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді үйлестіру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
24. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. Қазығұрт аудандық "Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жарық-жол және саябақтары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазығұрт аудандық "Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Таза су" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қазығұрт аудандық "Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Тұрғын үй және газ инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
| Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 316 қаулысына 2 қосымша |
|
| Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283 қаулысына 4 – қосымша |
"Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. "Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт елді мекені, Д.Қонаев көшесі №95 үй, индекс 160300.
10. Осы ереже Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
- Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1)Құқықтары:
- Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;
- Өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
- Ішкі саясат саласында Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
- Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай –ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
- Аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
- Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
- Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қарамағындағы мекеменің қызметін үйлестіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
- Ауданда Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды;
- Қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;
- Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
- Ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- Ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси процестерге және оның даму барысына жан – жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
- Аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
- Аудандағы қоғамдық – саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік - саяси зерттеулер жүргізеді;
- Қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
- Әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
- Аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
- Мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) Ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
4) Аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
5) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
6) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына үнемі есеп беріп отырады.
7) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
9) Облыстық және аудандық қоғамдық –саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
10) Ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
11) Ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
12) Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;
13) Ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
14) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
15) Саяси партиялармен, ұлттық – мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;
16) Ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми – практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
17) Аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды;
18) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары жоқ.
19. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
3) бұйрықтар шығарады және Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар береді;
4) қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) Мекеме қызметкерлерінің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестелерін бекітеді;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісін және мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде мекеменің қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі бекіткен мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
23. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
| Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 316 қаулысына 3 қосымша |
|
| Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283 қаулысына 7 – қосымша |
"Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, Абай көшесі №78 үй, индекс 160300.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қазығұрт ауданының әкімдігі болып табылады. Осы Ереже "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
- Егер "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
- аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;
- тұрғын үйдің қол жетімді болуын көтеру, әлеуметтік-мәдени саладағы қазіргі заман талабына сай объектілерді құру;
- ауданның елді мекендерінің құрылыстық, көліктік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді экология мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес жүзеге асыру, сәулеттік, тарихи-мәдени мұра және табиғи кешенді сақтау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тағы басқа функцияларды атқарады.
14. Өкілеттіліктері;
1) құқықтары:
- өз құзіреті шегінде ақпараттық - талдау материалдарын дайындауға және оларды облыстық мемлекеттік органдарға және аудан әкімдігіне ұсынуға;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алуға, мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге, қатысуға тиісті ұсыныстар әзірлеуге;
- сараптамалар мен консультьациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын,сондай – ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар;
- мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастарындаазаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық – әдістемелік, ақпараттық және басқада көмектер көрсетеді;
- аудандық маңызы бар құүрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған өбъектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейннен кәдеге жару жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
- өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді уақытылы және сапалы жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларына сәйкес жауапты болады;
- сот органдарына қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғауға жүгінуге болады;
- сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобалау ұйымдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары және жобалардың мемлекеттік сараптамасы облыстық және аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет етуге болады ;
15. Міндеттері:
- Аудан аумағындағы құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан көлемінде ұсыныстар еңгізеді, мемлекеттік мекемеге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
- мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді,оның орындалуын қадағалайды, сондай – ақ жергіліктіатқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
- аудан денгейіндегі құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатысты мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;
- мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізу;
- аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
- сәулет және қала құрылысы саласында міндеттерді жүзеге асыру бөлігінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын әзірлеу мен келісуге қатысуға міндетті;
- құрылыстық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіліктерді экология мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті;
- аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдерді дайындау;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қажеттіліктер үшін алуға және мемлекеттік мақсаттар үшін жер телімдерін ұсынуға объектілер мен кешендерді орналастыру бойынша жұмыс комиссиясында қатысу және ұсыныстар әзірлеу;
- белгіленген тәртіп бойынша қала құрылыстық, сәулет-құрылыстық және басқа да жобалық (жобалық-сметалық) құжаттардың материалдарын келісіп бекітуге дайындау;
- жоғары тұрған ұйымдарға мемлекеттік мекеме өз құзырындағы мәселелер бойынша есептер мен ақпараттарды ұсыну;
- "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесін енгізу және толтыру бойынша мониторинг;
- тіреуіш және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелерді және жабдықтарды өзгертумен байланысты емес әрекеттегі ғимараттар бөлмелерін (жеке бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру;
- сәулеттік – жоспарлау тапсырмаларын беру;
- елді мекендерде сыртқы (көзкөрімдік) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру;
- аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру;
- мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
- құрылыс жобаларының жүзеге асырылуына бекітілген құрылыстық құжаттамасына сәйкес бақылауды қамтамасыз етеді;
- жобалық жұмыстар, объектілердің құрылысы мен қайта жаңарту бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін ұйымдастыру;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- бөлімнің міндеттерімен өкілеттіліктерін іске асыру Қазақстан Республикасының
15. Функциялары:
- заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
- объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
- аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды
- елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын және іске асыру;
- аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
- жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджетнвтік иестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
- салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
- ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
- бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
"Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымы бойынша аудандардың бас сәулетшісі болып табылады.
17. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазығұрт ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
- "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
19. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:
- мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
- мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
- сенімхаттар береді;
- заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
- өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
- мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
- мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
"Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктері Қазақстан Республикасының құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнамасында анықталған "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функциялары негізінде белгіленеді.
21. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі: сағат 9.00 – 19.00, түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00, аптасына бес жұмыс күні, демалыстар: сенбі-жексенбі және мереке күндері.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
25. "Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.