Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 9 шілдедегі № 153 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 тармағының 8 тармақшасымен бекітілген Қазығұрт ауданы әкімдігінің "Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Медеуовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Ш.Аширбаев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 9 шілдедегі
№ 153 қаулысына қосымша


  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 283 қаулысына 8 – қосымша

"Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №92 үй, индекс 160300.

      10. Осы ереже Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) аудандағы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мәдениеттік қызмет көрсетуде, мәдени құндылықтарды құру, қолдану және тарату шеңберінде аудан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;

      3) қазақ және өзге де ұлттық мәдениеттің таралуын, дамытылуын, сақталуын және жандандырылуларын қамтамасыз ету;

      4) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның сақталуы үшін жағдай жасау.

      5) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

      6) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

      7) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      8) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;

      9) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;

      - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

      - қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

      2) Міндеттері:

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;

      - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      4) ауданның мемлекеттік мәдениет, спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беру жөнінде ұсыныс дайындайды;

      9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

      10) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар дайындайды;

      11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      12) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

      13) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;

      14) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

      15) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      16) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      17) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

      18) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

      19) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;

      20) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      21) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      22) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      23) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      24) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      25) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      26) ақпараттық – коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      27) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 729-бабы 2-1-тармағында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мен іс-қағаздарын жүргізеді;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен маңдайшаларды орналастыру туралы ұсыныстарға келісу немесе уәжді ескерту береді;

      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары жоқ.

      19. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

      3) сенімхаттар береді;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.

      Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

      23. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      2) Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қазығұрт спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қазығұрт ұлттық және ат спорты клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

О внесении изменения в постановление акимата Казыгуртского района от 29 августа 2024 года № 283 "Об утверждении положений государственных учреждений"

Постановление акимата Казыгуртского района Туркестанской области от 9 июля 2025 года № 153

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" и статьей 65 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Казыгурсткого района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. О внесении изменения в постановление акимата Казыгуртского района от 29 августа 2024 года № 283 "Об утверждении положении государственных учреждений" следующее изменение:

      положение государственного учреждения "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Казыгуртского района" акимата Казыгуртского района, утвержденное подпунктом 8 пункта 1 указанного постановления, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственное учреждение "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Казыгуртского района" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Туркестанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Казыгуртского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Н.Медеуову.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Временно исполняющий обязанности акима района М.Ш.Аширбаев

  Приложение к постановлению
акимата Казыгуртского района
от 9 июля 2025 года № 153


  Приложение 8 к постановлению
акимата Казыгуртского района
от 29 августа 2024 года № 283

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта" (далее - Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере культуры, развития языков, физической культуры и спорта.

      2. Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта не имеет ведомств.

      3. Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Туркестанская область, Казыгуртский район, сельский округ Казыгурт, село Казыгурт, улица Д.Кунаева дом №92, индекс 160300.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта.

      11. Финансирование деятельности Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта осуществляется из республиканского и местных бюджетов, бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта.

      Если, Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) реализация государственной политики в сфере культуры, развития языков, физической культуры и спорта;

      2) обеспечение конституционного права граждан района в культурном обслуживании, создании, использовании и распространении культурных ценностей;

      3) обеспечение возрождения, сохранения, развития и распространения казахских и других национальных культур;

      4) сохранение историко-культурного наследия и создание условий для их накопления.

      5) обеспечение безопасности жизни и здоровья лиц, занимающихся физической культурой и спортом, а также участников и зрителей физкультурно-оздоровительных и спортивных мероприятий и соблюдение общественного порядка в местах проведения спортивно-массовых мероприятий;

      6) развитие национальных, технических и прикладных видов спорта;

      7) поддержка и стимулирование физической культуры и спорта;

      8) развитие научной базы для исследований в области физической культуры и спорта;

      9) содействие развитию всех видов спорта с учетом социальной и образовательной функций, а также специфики их структуры, основанной на принципе добровольной деятельности.

      14. Полномочия:

      1) права:

      - представлять интересы в государственных органах и организациях;

      - в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов и других организаций;

      - координация деятельности учреждения, находящегося в ведения Учреждения;

      - иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) обязанности:

      - соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;

      - качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области;

      - обеспечивать качественное и своевременное оказание государственных услуг;

      - осуществлять в отношении учреждений, находящихся в ведении Учреждения, функции органа государственного управления;

      - иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан. 15. Функции:

      1) осуществляет поддержку и координацию в сфере театрального, музыкального и киноискусства, библиотечного и музейного дела, культурно-досуговой работы;

      2) организует работу по учету, охране и использованию культурных ценностей;

      3) осуществляет проведение зрелищных культурно-массовых мероприятий района, а также смотров, фестивалей и конкурсов среди любительских творческих объединений;

      4) проводит аттестацию государственных организаций районный культуры и спорта;

      5) в пределах своей компетенции осуществляет управление коммунальной собственностью в области культуры;

      6) выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов культурного назначения района;

      7) поддерживает и оказывает содействие в материально-техническом обеспечении государственных организаций культуры;

      8) вносит предложения о присвоении одной из государственных библиотек района статус "Центральная";

      9) проводит мероприятия районного уровня, направленные на развитие государственного и других языков;

      10) готовит предложения в исполнительные органы областей о наименовании и переименовании сел, поселков, сельских округов, а также изменении их транскрипции;

      11) осуществляют в пределах своей компетенции контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках;

      12) создает инфраструктуру для занятий спортом физических лиц по месту жительства и в местах их массового отдыха;

      13) проводит районные спортивные соревнования по видам спорта совместно с местными аккредитованными спортивными федерациями;

      14) обеспечивает подготовку районных сборных команд по видам спорта и их выступления на областных спортивных соревнованиях;

      15) обеспечивает развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории района;

      16) координирует деятельность районных физкультурно-спортивных организаций на территории района;

      17) присваивает спортсменам спортивные разряды: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда;

      18) присваивает квалификационные категории: тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья;

      19) реализует единый региональный календарь спортивно-массовых мероприятий; 20) координирует организацию и проведение спортивных мероприятий на территории района;

      21) осуществляет сбор, анализ и предоставляет местному исполнительному органу области информацию по развитию физической культуры и спорта на территории района по форме и в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      22) формирует и утверждает районные списки сборных команд по видам спорта по предложениям региональных и местных аккредитованных спортивных федераций;

      23) организует медицинское обеспечение официальных физкультурных и спортивных мероприятий;

      24) обеспечивает общественный порядок и общественную безопасность при проведении физкультурных и спортивных мероприятий;

      25) обеспечивает деятельность районных неспециализированных детско-юношеских школ;

      26) обеспечивают соблюдение единых требований в области информационно – коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, требований по управлению данными;

      27) делопроизводство и составление протоколов о об административных правонарушениях по административным правонарушениям, установленным пунктом 2-1 статьи 729 кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях";

      28) согласование или предупреждение предложений о размещении вывесок в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      29) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа.

      16. Руководство Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта задач и осуществление им своих функций.

      17. Первый руководитель Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта не имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта:

      1) утверждает планы работ государственного учреждения;

      2) действует от имени государственного учреждения;

      3) выдает доверенности;

      4) в установленном законодательством порядке поощряет работников государственного учреждения и налагает на них дисциплинарные взыскания;

      5) издает приказы, подписывает служебную документацию в пределах своей компетенции;

      6) утверждает внутренний трудовой распорядок государственного учреждения;

      7) осуществляет контроль за соблюдением Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" в государственном учреждении;

      8) осуществляет личный прием граждан;

      9) осуществляет полномочия, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан;

      10) несет персональную ответственность за непринятие мер по противодействию коррупции.

      Исполнение полномочий первого руководителя Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа.

      20. Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта относится к коммунальной собственности.

      22. Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Перечень организаций, находящихся в ведении Казыгуртский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта:

      1) Государственное коммунальное казенное предприятие "Дворец культуры Казыгуртского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Казыгуртского района;

      2) Коммунальное государственное учреждение "Централизованная библиотечная система Казыгуртского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Казыгуртского района;

      3) Коммунальное государственное учреждение "Центр обучения и развития языков" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Казыгуртского района;

      4) Коммунальное государственное учреждение "Спортивный клуб Казыгурт" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Казыгуртского района;

      5) Коммунальное государственное учреждение "Национальный и конноспортивный клуб Казыгурт" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Казыгуртского района.