Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 18/252-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары осы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов

  Түркістан облыстық
мәслихатының
2025 жылғы 26 қыркүйектегі
№18/252-VІІІ шешіміне
қосымша

Түркістан облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Осы Түркістан облысыныда ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 26-бабы  1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың Түркістан облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

      Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі

      Түркістан облысының әкімдігі жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында:

      1) су объектілеріне кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етеді;

      2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

      3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

      4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

      6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда аудан, қала әкімдіктері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

      7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, аудан, қала әкімдіктерінің интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

      10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;

      2) су объектілерін ластау және кірлету;

      3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;

      4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;

      5) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;

      6) жанармай және майлау материалдарын сақтау;

      7) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      8) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.

Об утверждении Правил общего водопользования в Туркестанской области

Решение Туркестанского областного маслихата от 26 сентября 2025 года № 18/252-VIII

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного Кодекса Республики Казахстан, Туркестанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила общего водопользования Туркестанской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата Н.Абишов

  Приложение к решению
Туркестанского
областного маслихата от 26
сентября
2025 года №18/252-VІIІ

Правила общего водопользования в Туркестанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила общего водопользования в Туркестанской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок осуществления физическими лицами общего водопользования на территории Туркестанской области на водных объектах общего пользования.

      2. Общее водопользование осуществляется физическими лицами для удовлетворения личных потребностей в рекреации, туризме, любительском (спортивном) рыболовстве и иных формах досуга, не связанных с осуществлением хозяйственной или предпринимательской деятельности, а также водопоя сельскохозяйственных животных на пастбищах.

      3. Специального разрешения для осуществления общего водопользования не требуется.

      4. Пользование водными объектами при общем водопользовании осуществляется в рамках публичного водного сервитута, являющегося неотъемлемой частью водного объекта.

Глава 2. Порядок общего водопользования

      5. Акимат Туркестанский области для реализации физическими лицами права общего водопользования:

      1) обеспечивает беспрепятственный доступ к водным объектам;

      2) определяет места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах общего водопользования;

      3) определяет участки рыбохозяйственных водных объектов и (или) участков и прилегающей береговой полосы для осуществления любительского (спортивного) рыболовства;

      4) обеспечивает информирование населения об установленных ограничениях и запретах общего водопользования.

      6. При отсутствии прямого доступа к водному объекту, акиматами районов и городов устанавливается публичный сервитут в соответствии со статьей 69 Земельного кодекса Республики Казахстан.

       7. Информация об ограничениях или запретах подлежит опубликованию в средствах массовой информации, на интернет-ресурсе акиматв районов и городов и должна быть доступной к ознакомлению путем установления специальных информационных знаков вдоль берегов водных объектов.

       8. Использование водных объектов для водопоя сельскохозяйственных животных допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов.

      9. На рыбохозяйственных водных объектах любительское (спортивное) рыболовство организовывается физическими и (или) юридическими лицами, которым предоставлено право ведения озерно-товарной хозяйственной деятельности на данном водном объекте.

      10. При использовании водных объектов общего водопользования не допускаются:

      1) самовольная установка ограждений, шлагбаумов, запретительных знаков, иных средств ограничения доступа физических лиц к водным объектам;

      2) загрязнение и засорение водного объекта;

      3) мытье транспорта, стирка белья и купание животных в местах, предназначенных для купания;

      4) купание в местах, где выставлены специальные информационные знаки с предупреждающими или запрещающими надписями;

      5) самовольное снятие, повреждение или уничтожение специальных информационных знаков;

      6) хранение на территории горюче-смазочных материалов;

      7) осуществление заправки топливом, мойки и ремонта транспорта;

      8) оставлять на водных объектах и в непосредственной близости от них несовершеннолетних детей без присмотра взрослых.