Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 12/169-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6598-13 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Әбішов |
| Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі №18/250-VIII шешіміне қосымша |
Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
1. Осы тәртіп "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі негізінде әзірленді және Түркістан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету шараларын қабылдау шеңберінде, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
3. Уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:
- ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жекелеген мамандықтар санаты бойынша медицина және фармацевтика кадрларына деген сұранысқа жыл сайын талдау жасайды;
- әлеуметтік қолдауға мұқтаж қызметкерлердің тізімін жасайды;
- ауылдық жерге жұмысқа жіберілген қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
4. Жұмыс беруші - медициналық және фармацевтикалық қызметкерімен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы.
5. Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар.
6. Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) - фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар.
7. Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға 5 (бес) жыл жұмыс өтеу мерзімімен қабылданған жас мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.
8. Бес жылдық жұмыс өтеу кезеңге қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі енгізілмейді.
9. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері:
1) Түркістан облысының ауылдық жерлерінде және кенттерінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) Түркістан облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде.
10. Мамандығы бойынша 3 (үш) жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар жас маман әлеуметтік қолдау алуға құқылы.
11. Қызметкер әлеуметтік қолдау алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті органға жеке куәлігінің көшірмесін, жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін, мемлекеттік медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін тапсырады.
12. Әлеуметтік қолдау көрсету туралы құжаттарды қарауды уәкілетті орган жанынан құрылған комиссия жүзеге асырады, ол қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
13. Қызметкермен еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайы бойынша оған қарсы көрсетілмеген жұмысты бір мемлекеттік медициналық ұйымнан екіншісіне ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ ауылдық жерлерде және кенттерде, аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан қызметкерге әлеуметтік қолдау алу құқығы сақталады.
14. Жұмыскердің тарапынан еңбек шартын 5 жыл өтеу мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.
15. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда) бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
16. Осы тәртіптің орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.