Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 29 сәурдегі № 86 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында 42-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"42. Аппараттық мәжілісте:
ұйымдастыру бөлімі - әкімдік отырысына қатысушыларды отырғызуды;
ақпараттық қауіпсіздік бөлімі - аудио немесе видео аппаратураларды қосуды;
жиынтық бөлімі - баяндамашылардың көрсететін иллюстративтік және презентациялық материалдарын жинақтап, көрсетілуін қамтамасыз етеді.".
2. "Түркістан облысының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Көшеров |