ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Активтер және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
| Бірлескен бұйрықпен бекітілген |
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидалары "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 10-6) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну тәртібі
2. Мемлекеттік кірістер органы салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша сомаларды айқындау үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген қорытындыны алу бойынша сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзара іс-қимыл жасайды.
3. Мемлекеттік кірістер органы уәкілетті органға жіберген сұрау салуда мынадай мәліметтер:
1) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің деректемелері (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
2) тексерілетін салық кезеңі;
3) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі бастапқы бухгалтерлік құжаттарында және КТС бойынша декларацияларында көрсеткен, есепті салық кезеңінің соңындағы және өткен жылдың есепті салық кезеңінің соңындағы Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерінің сомалары.
4. Уәкілетті орган мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде мынаны ұсынады:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды.
5. Уәкілетті органның қорытындысы нәтижелерін мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеру барысында қолданатын, сақтандыру резервтері мөлшерінің сомаларының сәйкестігі (сәйкес келмеуі) туралы себептерін көрсете отырып, осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген мәліметтерді қамтиды.
Уәкілетті органның қорытындысы басшының, басшы орынбасарының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолын қоя отырып, ілеспе хатпен мемлекеттік кірістер органына жіберіледі.
6. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріосы Қағидаларға сәйкес алынған ақпаратты және мәліметтерді салықтық тексерулерді жүзеге асыру мақсатында ғана пайдаланады.
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды
№ | Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің деректемелері | Кезең | ЕТСР | |||||||
БСН | Атауы | салық төлеушінің деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | салық төлеушінің деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңі үшін ЕТСР бойынша айырма сомасы (5-баған – 6-баған) | уәкілетті органның деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | уәкілетті органның деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңі үшін ЕТСР бойынша айырма сомасы (8-баған – 9-баған) | салық төлеуші деректерінің сәйкестігі туралы уәкілетті органның қорытындысы (сәйкес келмеген жағдайда, сәйкес келмеу себептерін көрсету) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қорытындыны әзірлеу үшін жауапты тұлғаның
қолы)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЕТСР – Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша резервтер
Уәкілетті орган – сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган.
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды нысанын толтыру бойынша түсініктемелер осы нысанға қосымшада көзделген.
нысанын толтыру бойынша түсініктемелер Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша сақтандыру резервтері (бұдан әрі – ЕТСР) мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды келесі түрде толтырылады:
1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 2-бағанда Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі;
3) 3-бағанда Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің атауы көрсетіледі;
4) 4-бағанда жылдар бөлінісінде тексерілетін салық кезеңі көрсетіледі (корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша салық кезеңі – 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл);
5) 5-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы ЕТСР сомасы көрсетіледі;
6) 6-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы ЕТСР сомасы көрсетіледі;
7) 7-бағанда КТС бойынша шегерімге жатқызылған, салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңі үшін ЕТСР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;
8) 8-бағанда сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы ЕТСР сомасы көрсетіледі;
9) 9-бағанда сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы ЕТСР сомасы көрсетіледі;
10) 10-бағанда сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңі үшін ЕТСР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;
11) 11-бағанда салық төлеушінің деректерімен сәйкессіздік болған жағдайда, себептерін көрсете отырып, ЕТСР сомалары бойынша сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы көрсетіледі.
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды
№ | Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің деректемелері | Кезең | МРЗР | |||||||
БСН | Атауы | салық төлеушінің деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | салық төлеушінің деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңі үшін МРЗР бойынша айырма сомасы (5-баған – 6-баған) | уәкілетті органның деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | уәкілетті органның деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңі үшін МРЗР бойынша айырма сомасы (8-баған – 9-баған) | салық төлеуші деректерінің сәйкестігі туралы уәкілетті органның қорытындысы (сәйкес келмеген жағдайда, сәйкес келмеу себептерін көрсету) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қорытындыны әзірлеу үшін жауапты тұлғаның
қолы)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
МРЗР – Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша резервтер
Уәкілетті орган – сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган.
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды нысанын толтыру бойынша түсініктемелер осы нысанға қосымшада көзделген.
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды нысанын толтыру бойынша түсініктемелер осы нысанға қосымшада көзделген
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері (бұдан әрі – МРЗР) мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды келесі түрде толтырылады:
1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 2-бағанда Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі;
3) 3-бағанда Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің атауы көрсетіледі;
4) 4-бағанда жылдар бөлінісінде тексерілетін салық кезеңі көрсетіледі (корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша салық кезеңі – 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл);
5) 5-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы МРЗР сомасы көрсетіледі;
6) 6-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы МРЗР сомасы көрсетіледі;
7) 7-бағанда КТС бойынша шегерімге жатқызылған, салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңі үшін МРЗР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;
8) 8-бағанда сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы МРЗР сомасы көрсетіледі;
9) 9-бағанда сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы МРЗР сомасы көрсетіледі;
10) 10-бағанда сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңі үшін МРЗР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;
11) 11-бағанда салық төлеушінің деректерімен сәйкессіздік болған жағдайда, себептерін көрсете отырып, МРЗР сомалары бойынша сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы көрсетіледі.
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды
№ | Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің деректемелері | Кезең | БМЗР | |||||||
БСН | Атауы | салық төлеушінің деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | салық төлеушінің деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңі үшін БМЗР бойынша айырма сомасы (5-баған – 6-баған) | уәкілетті органның деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | уәкілетті органның деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) | уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңі үшін БМЗР бойынша айырма сомасы (8-баған – 9-баған) | салық төлеуші деректерінің сәйкестігі туралы уәкілетті органның қорытындысы (сәйкес келмеген жағдайда, сәйкес келмеу себептерін көрсету) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қорытындыны әзірлеу үшін жауапты тұлғаның
қолы)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БМЗР – Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша резервтер
Уәкілетті орган – сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган.
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды нысанын толтыру бойынша түсініктемелер осы нысанға қосымшада көзделген.
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды нысанын толтыру бойынша түсініктемелер
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері (бұдан әрі – БМЗР) мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды келесі түрде толтырылады:
1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 2-бағанда Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі;
3) 3-бағанда Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің атауы көрсетіледі;
4) 4-бағанда жылдар бөлінісінде тексерілетін салық кезеңі көрсетіледі (корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша салық кезеңі – 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл);
5) 5-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы БМЗР сомасы көрсетіледі;
6) 6-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы БМЗР сомасы көрсетіледі;
7) 7-бағанда КТС бойынша шегерімге жатқызылған, салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңі үшін БМЗР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;
8) 8-бағанда сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы БМЗР сомасы көрсетіледі;
9) 9-бағанда сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы БМЗР сомасы көрсетіледі;
10) 10-бағанда сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңі үшін БМЗР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;
11) 11-бағанда салық төлеушінің деректерімен сәйкессіздік болған жағдайда, себептерін көрсете отырып, БМЗР сомалары бойынша сауда қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы көрсетіледі.