"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, 37 бабының 8 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18, 124 баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 217 "Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А. Муратов |
| Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "8"желтоқсандағы № 268 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) – Құрманғазы ауданының бюджетін жоспарлау мен орындау, ауданның экономика және коммуналдық меншігін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мекеменің атауы: "Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, 060400, Құрманғазы ауылдық округі, Смағұл Көшекбаев көшесі, үй 2.
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Мекеменің басқару органы – "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесі болып табылады.
12. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. "Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
Ауданның тұрақты экономикалық өсуіне және бәсекелестік қабілетінің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне себеп болатын, әлеуметтік – экономикалық саясатты жүзеге асыру, бюджеттік қаражатты жоспарлау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару.
15. Өкілеттіктері:
Құқықтары: Экономика және қаржы бөлімнің өзіне жүктелген міндеттерді және функцияларды жүзеге асыру барысында белгіленген тәртіппен:
өз өкiлеттiгi шегiнде орындалуға тиіс нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат пен материалдарды алу;
қолданыстағы заң актілерінде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру;
аудан әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тарту;
азаматтар мен заңды тұлғалар заңды мүдделерiнiң сақталуы, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдану;
ауданның коммуналдық мүліктерін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу;
аудандық коммуналдық мүліктерінің мақсатты және тиімді пайдалануына, сақталуына, сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына, жекешелендіру бойынша сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау жүргізу;
аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы соттарында мемлекеттің мүддесін білдіру;
Міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жоспарлау және талдау;
ауданның бюджетін жоспарлау және орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
жоспарлау, бюджеттің атқарылуы, бюджеттік және қаржылық есептілік, аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;
жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдар экономика және қаржы бөлімінің өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;
мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету;
16. Функциялары:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, экономика салаларының дамуына талдамалық ақпарат дайындау;
2) жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ауданның даму жоспарын әзірлеу, бекітуді ұйымдастыру, оларға мониторинг және түзету жұмыстарын жүргізу;
3) ауданның даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жиынтық ақпаратын жүзеге асыру және ауданның даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзеу жөніндегі ұсыныстар енгізу, орындалуына мониторинг жүргізу;
4) ауданда стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджет, бюджетке түзету, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу;
5) бюджетті жоспарлауға әдістемелік басшылық жасау, бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қызметін үйлестіру;
6) бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде заңнамаларға ұсыныстар беру, жасалған жұмыстарға мониторинг жүргізу;
7) аудандық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
8) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
9) бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемін жасау;
10) жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;
11) бюджеттік ақшаны басқаруды жүзеге асыру;
12) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы аудандық әкімдігінің қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;
13) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен жасақталған шоғырландырылған қаржылық есептілікті жоғарғы органдарға ұсыну;
14) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері ұсынатын бюджеттік есептілік және ақпарат негізінде бюджеттік мониторинг жүргізу;
15) тоқсан сайын бюджеттік мониторингтің нәтижелері және жыл қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы, уәкілетті органдарға жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе ақпарат беру;
16) аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, мәслихатқа, облыстық тексеру комиссиясына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсыну;
17) республикалық трансферттердің игерілу барысы бойынша мониторинг жүргізу;
18) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру және бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;
19) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының орындалуы бойынша есепті;
20) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалу туралы есепті ұсыну;
21) демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті ұсыну;
22) аудан бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есепті ұсыну;
23) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
24) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізуге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;
25) Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
26) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын ұйымдастыру;
28) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, ұйымдастыру;
29) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға осыған уәкілеттік беру;
30) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды ұйымдастыру;
31) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру;
32) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беру;
33) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдауға қатысу;
34) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
35) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
36) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын ұйымдастыру;
37) "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
38) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды ұйымдастыру;
39) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім жобасын жасақтауды ұйымдастыру;
40) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 4-тарауында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім жобасын жасақтауды ұйымдастыру;
41) "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен агломерациялар құрамына кіретін коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін аумағында объект іске асырылған жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне агломерацияны дамыту мақсаттары үшін беру туралы шешім жобасын жасақтауды ұйымдастыру;
42) аудан әкімдігіне аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
43) аудандық коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру және мүліктік құқықтарын қорғау;
44) аудандық коммуналдық мүлікті, оның ішінде коммуналдық кәсіпорындардың және жергілікті атқарушы орган қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу;
45) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті есептен шығаруға немесе беруге келісім беру;
46) аудандық коммуналдық мүліктің нысаналы пайдалануын бақылаудың нәтижелерімен анықталған, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қою бойынша ұсыныстар беру;
47) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың аудандық коммуналдық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасау туралы шешімді қабылдауға қатынасу;
48) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;
49) жергілікті атқарушы органына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жергілікті атқарушы органына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;
50) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
51) аудан әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;
52) аудан әкімдігі атынан мемлекеттік акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады.
3-тарау. "Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
18. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары мен бас мамандары болады.
20. Бөлім басшысының өкілеттіктері:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;
2) өзінің орынбасары мен басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
6) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
7) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
9) бөлім басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Бөлім басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Жұмыс режимі
22. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
5-тарау. "Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Бөлімге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
6-тарау. "Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.