Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 137 "Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер туралы" қаулысын басшылыққа алып, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | А. Шанғалаев |
| Мақат аудандық мәслихатының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 173-VІІІ шешіміне қосымша |
Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер
Атауы | Өлшем бірлігі | Теңге (қосылған құн салығымен) |
Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері | 1 тұрғыннан айына | 87,48 |
Бірліктің жылдық тарифі (көлемі) | 1 м3 | 430,23 |