Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 9, 14-1, 17, 69, 71-1 75 баптарын басшылыққа ала отырып, 2022 жылғы 2 тамыздағы № 158-ГИН (ПВ) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен "Sanai Eurasia Petro Mashinery" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы №2 толықтыру келісім шарты және "Sanai Eurasia Petro Mashinery" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы № ЗТ-2025-00285606 өтініші негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Sanai Eurasia Petro Mashinery" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жылыой ауданы, Жанасу учаскесінде геологиялық барлау және жер қойнауын зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы ауданы 14423,1 га жер учаскесі 2027 жылғы 2 тамызына дейін жария (сервитут) құқығымен берілсін.
2. "Sanai Eurasia Petro Mashinery" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1) Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен сервитут белгілеу туралы шартын 10 жұмыс күндік мерзімнен кешіктірмей жасақтау;
2).жер учаскелерін пайдаланғаны үшін жер салығын Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес төлеу;
3) жер учаскесін өз мақсатында пайдалану;
4) жерді бүліну процестерінен қорғауға, бүлінген жерді жаңғыртуға, оның құнарлылығын қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүргізу ұсынылсын.
3. Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі жерлерді есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Қаражанов |