Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысының аумағында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері төмендегідей бекітілсін:
1) ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін:
- 2026 жылғы 1 сәуірге дейін - 50 теңге;
- 2026 жылғы 1 сәуірден кейін – 110 теңге;
2) ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:
- 2026 жылғы 1 сәуірге дейін - 60 теңге;
- 2026 жылғы 1 сәуірден кейін – 130 теңге.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |