Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 6 наурыздағы № 26/9 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы | Л. Топорова |
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары
№ р/н | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық айлықақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | аударма жөніндегі редактор | 30% |
2. | қызметтік орын жайларды тазалаушы | 30% |
3. | аула тазалаушы | 30% |
4. | жүргізуші | 50% |
5. | казандық машинисі (от жағушы) | 30% |
6. | хатшы | 30% |
7. | Мәдени ұйымдастырушы (С-3 блогына жататын) | 30% |
8. | спорт бойынша әдіскер (С-3 блогына жататын) | 30% |
9. | күзетші | 30% |