Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпы алаңы 2,2576 гектар жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін, ол Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежин ауылдық округі, Тоқсан би ауылы мекенжайында орналасқан және сумен жабдықтау жүйесін салу үшін арналған.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | О. Оспанова |