Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 582-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 577 және 578- баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы | С. Баумағанбетов |