"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы, Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 3/24 шешіміне, "Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 995 қаулысына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемені мемлекеттік тіркеуді;
2) қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыруды;
3) қаулыны Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Мұхамедиев |
Петропавл қаласы әкімдігінің | |
2025 жылғы 4 шілдедегі № 1055 | |
Қаулысымен бекітілген |
"Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Петропавл қаласы Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесі "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі"
1. Жалпы ережелер
1. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – мекеме) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру және коммуналдық меншікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекемеде ведомстволар жоқ.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республиканың Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
14. Міндеттер:
1) Мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы есептілікті қалыптастыру;
5) өткізілген сатып алу мониторингін жүзеге асыру;
6) қаланың коммуналдық меншігін басқару.
15. Өкілеттіктер:
1) құқықтар
- мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
- заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
- қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, оларға жауаптар беруге;
- жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
- мүлікті қабылдау-беру актілерін бекіту;
- Қазақстан Республикасының соттарында мекеменің құқықтарын қорғау және мүдделерін білдіру үшін жүгінуге;
- қолданыстағы заңнамада көзделген міндеттерді іске асыру.
16. Функциялар:
1) Мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады және жиынтық есептілікті, Мемлекеттік сатып алу бойынша мониторингті жасайды;
2) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу порталында жұмысты жүзеге асыру;
4) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесін сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
5) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді жүзеге асырады;
6) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық (аукциондық) құжаттамасының сәйкестігін тексеру жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмысын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және өзге де рәсімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізу рәсімін ұйымдастырады;
7) мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын бұзған әлеуетті өнім берушілерді және Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілерді жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады;
8) жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шарттарды, сондай-ақ қосымша келісімдерді жасасуға қатысады;
9) жүзеге асыру тәсілдері бөлінісінде ақпаратты жинау, жинақтау және талдау Мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу заттары;
10) мәлімделген талаптар (дәлелдер)шегінде конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларына берілген әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарау;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Петропавл қаласының аумағында коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
12) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
13) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құралдарды есептен шығаруды келісу;
14) мүлікті қабылдау-беру актілерін бекіту;
15) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізілімін жүргізу;
16) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы - шаруашылық қызметіне, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларына мониторингті жүзеге асыру;
17) коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүлкіне түгендеу жүргізу мониторингін жүзеге асыру;
18) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа)талаптарының сақталуын бақылау;
19) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға құқықсыз беру кейіннен сатып алу құқығымен (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа) ;
20) коммуналдық мүлікті (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа)сатып алу–сату, мүліктік жалдау (жалға алу), сенімгерлік басқару шарттарының талаптарын орындауды жекешелендіру бақылауынан кейінгі жүзеге асыру;
21) қала бюджетінің кірісіне коммуналдық мүлікті сатудан, қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға), сенімгерлік басқаруға беруден түсетін ақшалай қаражаттың толықтығы мен уақтылы түсуін бақылауды жүзеге асыру, берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа);
22) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
23) мекеменің міндеттері мен өкілеттіктерін іске асыру Бюджет кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" заңға, мемлекеттік органдар үшін белгіленген "мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға сәйкес құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
17. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Петропавл қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Мекеме басшысының өкілеттігі;
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;
3) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптарын бекітеді;
5) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде мекеменің мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
8) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
9) гендерлік теңдік саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
10) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
"Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігін ол болмаған кезеңде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
21. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптастырылады.
22. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.