Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4283 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Г. Нұрмұхамбетов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2025 жылғы | |
16 маусымдағы | |
№ 156 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2017 жылғы | |
4 шілдедегі № 269 қаулысымен | |
бекітілді |
Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы елді мекен көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы (бұдан әрі – сыныптама) елді мекен көшелерін (бұдан әрі – көше) және олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін айқындайды.
2. Сынаптама жол-жөндеу жұмыстарының көлемін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражатты есептеу үшін қолданылады.
3. Осы сыныптамада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) елді мекеннің көшелерін басқарушылар – көшелердің меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен көшелерді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) көшелер мен олардағы құрылыстарды пайдалануды басқару – жол-жөндеу жұмыстарының экономикалық негізделген стратегиясын әзірлей отырып, олардың диагностикасы мен мониторингі негізінде көшелер мен олардағы құрылыстардың қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру және регламенттеу жұмыстарының кешені;
3) көшелердің жай-күйін мониторингілеу – пайдалану және қоршаған ортаның әсер етуі нәтижесінде олардың жай-күйінің ықтимал антропогендік өзгерістерін бақылау және қадағалау, бағалау және болжау жүйесі;
4) көшелерді жөндеудің маршруттық тәсілі – көлік қозғалысы үшін қауіпті ақауларды жою және жергілікті учаскелердегі жол жамылғысының тегістігін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының кешені;
5) көшелердің жол жамылғысы – автокөлік құралының жүктемесін қабылдайтын және оны топыраққа беретін көшелердің жүріс бөлігінің шегіндегі көп қабатты құрылым;
6) көшелердің жол жамылғысы қызметінің жөндеуаралық мерзімі – көшелердің жолын салу, реконструкциялау немесе күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берген кезден бастап жол құрылымының көтеру қабілетін арттырумен (күшейтумен) байланысты келесі күрделі жөндеуге дейінгі кезең;
7) жол жамылғысы қызметінің жөндеуаралық мерзімі – жолды салу, реконструкциялау, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін жолдарды пайдалануға берген кезден бастап тозу қабатын қалпына келтірумен және көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша талап етілетін мәндерге дейінгі тегістік пен ілінісу қасиеттерін қалпына келтірумен және ақауды жоюмен байланысты келесі орташа жөндеу қажеттілігі туындағанға дейінгі уақыт кезеңі;
8) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бөлінетін ресурстарды ұтымды пайдалану кезінде көшелер мен жол құрылыстары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту жөніндегі неғұрлым тиімді ұзақ мерзімді техникалық шешімдер мен басқарушылық әсерлер кешені;
9) көшелерді қысқы күтіп-ұстау – көше жолдары мен ондағы құрылыстарды қар үйінділерінен қорғауға, оларды уақытымен тазартуға және жол жабындарының қыстағы тайғақтығына қарсы күреске байланысты ерекше жұмыстар кешені.
4. Көше жолдарының құрамына мыналар кіреді:
1) бөлу жолағы, жолдардың құрылымдық элементтері, жолдарды орнату және жайластыру;
2) су бұру және су өткізу құрылыстары, көпірлер, жол өтпелері, көлік айрықтары, виадуктар, туннельдер, қорғаныс галереялары;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
4) орман белдеулері, көгалдар, клумбалар, гүлзарлар, сәндік екпелер, желілік тұрғын үй ғимараттары;
5) жол-пайдалану қызметінің объектілері, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингілеу үшін жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету;
6) белгіленген габарит шегінде олардың үстіндегі әуе кеңістігі.
5. Көше жолдары мен құрылыстарын пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізуге нақты бөлінген ақшалай ресурстар көше жолдары мен жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген жүргізілетін жөндеу жұмыстарының түрлеріне және жол-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына сүйене отырып бөлінеді.
6. Көшелерді күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың жіктелетін түрлері жол саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.
7. Көше жолдары мен олардағы құрылыстарды пайдалануды басқару мынадай жұмыстарды қамтиды:
1) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
2) көше жолдары мен олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды мерзімінен бұрын тозудан қорғау;
3) ғылым мен техниканың озық тәжірибесі мен жетістіктері негізінде көше мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, реконструкциялау, пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық базаны жетілдіру және өзектілендіру;
4) көше жолдары мен олардағы құрылыстарды жөндеу және күтіп-ұстау бойынша технологияларды жетілдіру және жұмыстарды ұйымдастыру;
5) көшелер мен олардағы құрылыстарды пайдалануды басқару жөніндегі жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау;
6) технологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырумен және орналастырылған учаскелердің мониторингімен көшелерді ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар шеңберінде көшенің тәжірибелік учаскелерін ғылыми, техникалық сүйемелдеу және мониторингілеу.
8. Көше жолдары мен құрылыстарын диагностикалау және мониторингілеу жөніндегі жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:
1) жолдарды және олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау сапасын бағалай отырып, оларды жүйелі (көктемгі, күзгі және айлық) қарап-тексеру;
2) жолдардың және олардағы құрылыстардың техникалық деңгейі мен көліктік-пайдалану жай-күйін бағалай отырып, көзбен шолып және аспаптық тексеру, көшелер мен олардағы құрылыстарды паспорттау;
3) көшелердегі көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;
4) көшелер мен олардағы құрылыстардың техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен деректер базасын қалыптастыру, тұрақты жаңарту және жұмыс жағдайында ұстау.
9. Жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау жөніндегі жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:
1) көше жолдары мен олардағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жағдайы туралы бірыңғай ақпараттық деректер базасын құру, әкімшілендіру және басқару;
2) жолдар мен олардағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін талдау негізінде күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды негіздеу;
3) жолдар желісінің жай-күйін болжай отырып, көшелерді жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзірлеу. Жол-жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның ішінде жолдар желісін күтіп-ұстау жоспарларын жасау;
4) жолдар желісін қажетті пайдалану жағдайында сақтау және ұстап тұру үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
5) жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) шоғырланатын орындарды жою жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу.
10. Көшелерде көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:
1) автокөлік ағындарының қозғалыс режимдерін зерделеу, жолдарды белгілеу схемаларын әзірлеу, жол белгілерін орналастыру, қозғалыс жылдамдығын реттеу, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ұйымдастыру;
2) ЖКО талдау, ЖКО жасалған орындарды тексеру, себептерін анықтау және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) қозғалыс қауіпсіздігі тұрғысынан аса қауіпті жол учаскелерін анықтау және апаттылықты болдырмау үшін алдын алу іс-шараларын әзірлеу;
4) бөлу жолағы шегінде құрылыс жұмыстарын жүргізуді келісу;
5) көше жолдары мен олардағы құрылыстардың коммуникациялармен және инженерлік желілермен түйіскен және қиылысқан жерінде техникалық шарттар мен келісімдер әзірлеу;
6) өртке қарсы іс-шараларды қадағалау және жетілдіру бойынша өртке қарсы қызмет ұйымдарымен шарттар жасасу, өртке қарсы сигнализацияға, электр жарығына және т.б. жоспарлы тексерулер мен сараптамалар жүргізу және олардың орындалуын бақылау;
7) жол бойындағы коммерциялық сервис объектілерін орналастыруды келісу.
11. Көше жолдары мен олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды мерзімінен бұрын тозудан қорғау жөніндегі жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында көшелерді пайдалану және оларды қорғау тәртібін насихаттау;
2) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жүруін келісу;
3) көшелер мен құрылыстарды жөндеу және күтіп-ұстау саласындағы бағдарламалық жұмыс өнімдерін жетілдіру және оларды жұмыс жағдайында ұстау;
4) көше жолдары мен құрылыстарын жөндеу және күтіп-ұстау саласындағы өзекті мәселелер бойынша олардың беріктігі мен үнемділігін арттыру мақсатындағы іздестіру және инновациялық жұмыстар.
12. Көше жолдары мен құрылыстарын ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және пайдалануды басқаруды бақылау жөніндегі жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:
1) көшелер мен олардағы құрылыстар желісін күтіп-ұстау бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу;
2) көшелер мен олардағы құрылыстарды мерзімді түгендеу, есептілік жасау;
3) жолдарды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, жол-жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау және қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету.
2. Көшелерді күтіп-ұстау
13. Көше жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау бойынша жұмыстар жыл бойы үздіксіз жүзеге асырылады.
14. Көше жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды уақытылы жүргізу мақсатында оларды көзбен шолып қарау күн сайын патрульдеу арқылы жүзеге асырылады.
15. Бекітілген қаржыландыру нормативтеріне сәйкес күтіп-ұстауға арналған қаражат шегінде ақаулар ведомостері бойынша көшелерді қарау нәтижелері негізінде жоспарланатын көше жолдары мен олардағы құрылыстардың зақымдануының алдын алу және түзету жөніндегі жұмыстарды орындау көзделеді.
16. Көше жолдарын күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі тиіс.
17. Күтіп-ұстау жұмыстары жобалау құжаттамасын жасауды талап етпейді. Олар қолданыстағы нормативтерге сәйкес күтіп-ұстау қаражаты шегінде ақаулар ведомосі бойынша көшелерді тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады.
18. Көше жолдары мен құрылыстарын күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстар көктемгі, жазғы және күзгі кезеңдерде күтіп-ұстауға, қысқы күтіп-ұстауға, көшелерді көгалдандыруға және өзге де жұмыстарға бөлінеді.
19. Көше жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарының құрамына мүлік иелерінен жыл бойы күнделікті ақпаратты жинау, өңдеу және ұсыну кіреді, оның ішінде:
1) көше жолдарындағы жүріс-тұрыс туралы бұқаралық ақпарат құралдарын ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, көше жолдарындағы жүріс-тұрыс туралы;
2) болған ЖКО туралы;
3) еріген және тасқын су өткен кезеңдегі жұмыстар туралы;
4) қысқы уақыттағы қар жинайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы;
5) көше жолдары мен олардағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты жинау және өңдеу, бірыңғай ақпараттық деректер банкін әкімшілендіру және басқару.
20. Көше жолдары мен олардағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы кезеңдерде, атап айтқанда жыл бойы күтіп-ұстау кезінде келесі жұмыстар орындалады:
1) көше жолдарының және олардағы құрылыстардың жай-күйін патрульдік қадағалау;
2) жерасты қабаты мен су бұру жүйесі бойынша:
су бұрғыш арықтарды көктемде қардан, ал жазда тасынды қоқыстан тазалау, тиеу, шығару және жоюға тапсыру;
жол жиектерінде және ісінгіш учаскелерде кептіру шұңғыларын қазу және толтыру;
беткейлерді тегістеу, шөп егу;
шабылған шөптерді шабу және жинау;
жол жиектерінде және жол төсемесінің беткейлерінде бұталарды, жабайы өсімдіктерді кесу және ағаштарды жұлу, кесілген материалдардан тазалау, тиеу, шығару және жою;
материалды қоспай жиектер мен толтыру бермаларын тегістеу;
жекелеген учаскелерде көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін толтырулармен жол жиектері мен бермаларды толтыру, кесу және тегістеу;
ойлы-қырлы учаскелерді тегістеу;
опырылулардан, көшкіндерден және селден тазарту;
жол жиектерін толтыру және нығайту;
жеке элементтерді ауыстыру және жаңа материалды қолдану арқылы жер асты қабатының, су бұру жүйелерінің, қорлардың, бермалардың, қорғаныс, нығайтқыш және реттеуші құрылыстардың жеке зақымдануын түзету;
көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін материалды қоса отырып немесе қоспай, жол жиектері мен бермаларды кесу және тегістеу;
3) бөлінген алап бойынша:
су ағынын қамтамасыз ету үшін бөлінген алапты тегістеу;
бөлінген алапта қоқысты шығару, тиеу және жоюға тапсыру;
жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін ағаштарды, бұталарды және жабайы өсімдіктерді кесу және жұлу, оларды жинау, тиеу, шығару және жою үшін тапсыру;
бөлінген алапты шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды, арам шөптерді тазалау, тиеу, шығару және жою үшін тапсыру;
4) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
жол бөлігін тазалау және жуу;
асфальтбетон жамылғыларын ылғалдың, ауаның, күн радиациясының енуінен тиімді оқшаулау, атмосфералық әсерлерден бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғылардың суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру үшін жасартқыш сұйықтықтарды қолдану;
жарықшақтарды бітеу;
шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, шөкпелерді толтыру, жол учаскесі жиектерін тегістеу;
жергілікті учаскелерде жамылғылардағы ісінулерді жою;
жабындағы салбырауды және қауіпті бұзылуларды кесу, ойықтарды тығыздау, содан кейін бұдырлы тозу қабатының бетін өңдеу;
жүру бөлігін таңбалау;
асфальтбетон жамылғылардағы жіктерді жөндеу және толтыру;
апаттық-қауіпті учаскелерді маршруттық тәсілмен жөндеу (ісінулерді жою, негіздер мен жамылғыларды, шұңқырларды жөндеу, жарықшақтарды толтыру, тегістеу қабатын орнату, жол жиектерін нығайту, жамылғыларды беттік өңдеу);
көше жолдарын маршруттық әдіспен жөндеу кезінде жолдарды күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды, сондай-ақ маршрут бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақауларды жою жұмыстарын, соның ішінде жергілікті учаскелерде жол жабынының тегістігін қалпына келтіру, оның ішінде ресайклинг әдісімен қалпына келтіру жұмысын қоса алғанда, жөндеу жұмыстары кешені жүргізіледі. Маршруттық жөндеу әдісімен жөндеу жұмыстары бүкіл маршрут бойынша, жергілікті жерлерде жол жамылғысының елеулі деформациялары мен бұзылуы шоғырланған жерлерде біріктіріліп жүргізіледі.
Жұмысты тиісті ақауларды жою үшін қабылданған жұмыс технологиясы және ақаулар тізбесі негізінде қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес құрастырылған құрылыс сметалары бойынша автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстауды жүзеге асыратын жол қызметі жүргізеді;
5) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
тұтқырғыш материалы артық жерлерге күтім жасау;
жарықшақтарды бітеу;
шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, шөкпелерді толтыру, жол учаскесі жиектерін тегістеу;
жүру бөлігін таңбалау;
апаттық-қауіпті учаскелерді маршруттық тәсілмен жөндеу (ісінулерді жою, негіздер мен жамылғыларды, шұңқырларды жөндеу, жарықшақтарды толтыру, тегістеу қабатын орнату, жол жиектерін нығайту, жамылғыларды беттік өңдеу);
көше жолдарын маршруттық әдіспен жөндеу кезінде жолдарды күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды, сондай-ақ маршрут бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақауларды жою жұмыстарын, соның ішінде жергілікті учаскелерде жол жабынының тегістігін қалпына келтіру, оның ішінде ресайклинг әдісімен қалпына келтіру жұмысын қоса алғанда, жөндеу жұмыстары кешені жүргізіледі. Маршруттық жөндеу әдісімен жөндеу жұмыстары бүкіл маршрут бойынша, жергілікті жерлерде жол жамылғысының елеулі деформациялары мен бұзылуы шоғырланған жерлерде біріктіріліп жүргізіледі;
6) ауыспалы жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
жамылғыны кірден тазалау;
жамылғыны сумен шаңсыздандыру;
материалды қосу арқылы жамылғыны пішіндеу және нығыздау;
жамылғыдағы ұсақ және себілген тастарды сыпыру, көшкінтастарды тазалау;
шағыл тасты және қиыршық тасты төсемелердің пішінін қалпына келтіру;
7) топырақты және жақсартылған торырақты жамылғылардың жүру бөлігі бойынша:
материалдарды қосу арқылы қалыптасқан шұңқырларды, сораптарды және басқа да тегіссіздіктерді жою үшін жамылғыны пішіндеу;
үтіктеу – ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін алдын алу шарасы;
хлорлы кальциймен, битуммен және басқа да материалдармен шаңсыздандыру;
көше жолдарының ісінген учаскелерін күту, уақытша қоршау, ауа шұңғысын орнату және толтыру, жол жамылғысы мен жер төсемесінің бетінен су бұрғышты қамтамасыз ету;
8) жол жағдайы және жайластыру, қозғалысты, байланысты және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:
шу жолақтарын, шудан қорғайтын экрандарды орнату және жөндеу;
жетіспей тұрған белгілерді, қоршауларды орнату, зақымдануларды түзету, жол белгілері мен қоршауларының қалқандарын толық ауыстыру, панноларды орнату және жөндеу, жиек тастарын орнату және жөндеу, жол жағдайының элементтерін қалпына келтіру;
сәулеттік безендіру және абаттандыру элементтерінің жекелеген зақымданулары мен ақауларын түзету;
қоршаулар мен сигналдық бағандарды, белгілерді, қалқандарды тұрақты түрде қарау, бұралмаларды тарту, қалқандарды түзету, шаң мен кірден тазарту, жуу;
автобус аялдамаларын кезеңді түрде тексеру, шаңнан, кірден және қоқыстан тазарту, жуу;
қозғалыс, байланыс және жарықтандыруды ұйымдастыру құралдарын күтіп-ұстау, күту және жұмысқа жарамдылығын бақылау;
жол бөлігін және жол жиектерін жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөгде заттардан тазалау;
жолдардың, көпірлердің, жол өтпелерінің, тоннельдердің, көлік айрықтарының, паром өткелдерінің және басқа да жол құрылыстарының электрлік жарықтандыру желілерін таза және ұқыпты ұстау, істен шыққан лампалар мен шамдарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарықтандыру бағандарын және басқа электрлік жарықтандыру элементтерін ауыстыру және жаңасын орнату, трансформаторға техникалық қызмет көрсету, радиобайланысты және басқа да технологиялық және сигналдық байланыс құралдарын, кабельдік желіні, сондай-ақ бағдаршам объектілерін, диспетчерлік және автоматтандырылған қозғалысты басқару құралдарын таза және ұқыпты ұстау, оның ішінде олардың жұмыс істеуі үшін байланыс арналарын жалға алу;
автокөлік құралдары қозғалысын мониторингілеу мен бақылауға арналған өлшеу құралдарын, жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманы орнату, жөндеу және күтіп-ұстау;
жалпы пайдаланылымдағы көше жолын күтіп-ұстауды және жөндеуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын бақылау үшін навигациялық жүйені орнату, пайдалану және күтіп-ұстау;
жүру бөлігінде "мысық көз" жол маркерін орнату (қажет болса);
жол жүрісі қауіпсіздігін екере отырып, жүргізушілер мен жолаушылар үшін пайдаланудың ыңғайлылығын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау мақсатында, қолданыстағы көше жолдарында жол қоршауларын, аялдама павильондарын, сервис павильондарын, шағын архитектуралық нысандарды, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдарын, демалыс алаңдарын және өтпелі-жылдамдық жолақтарын орнату, бұл ретте жұмыс көлемі техникалық құжаттамамен анықталады;
9) жасанды құрылыстар бойынша:
жүру бөлігінің бордюр қоршауына белгі қою;
тапсырыс берушiнiң нұсқауы бойынша жүру қауiпсiздiгiнiң негiзiнде тіреулер мен кедергі қоршауларды орнату және зақымдануын түзету;
көпірлердің металл элементтерінің тіреу қоршауларының бояу қабатын жергілікті қалпына келтіру (сырлау);
көше жолдарының үстіндегі өтпежолдардың қасбет арқалықтарының астын тік таңбалау;
автожолдардың үстіндегі өтпежолдардың тіректерін тік таңбалау;
жүру бөлігін тротуар бойымен жинайтын техника өткеннен кейін лас пен бөгде заттардан тазалау;
жүру бөлігін тротуар бойымен қар жинайтын техника өткеннен кейін қар мен мұздан тазалау;
су өткізгіш құбырларды кірден, тастан және қардан тазалау;
деформациялық жіктер астындағы су бұрғыш науаларды қоқыстардан тазалау;
ашық типтегі деформациялық жіктерде тақталарды жылжытуға арналған ойықтарды кірден тазалау;
ашық типтегі деформациялық жіктердің күрделі құрылымдарының механизмдерін тазалау және майлау;
тротуарды ластан, қар мен мұздан және бөгде заттан тазалау;
су өтуі үшін тротуар блоктарындағы терезелерді тазалау;
тротуар мен көпірдің жүру бөлігі арасындағы кедергі қоршаудың қисық сызықты білігі астындағы кеңістікті ластан, қар мен мұздан тазалау;
тірек, кедергі қоршауларды, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;
арқалықтардың беттерін кірден, салынды топырақтан, өсімдіктерден тазалау;
арқалық тірек бөренелерін жуу;
тірек бөліктерді қар мен кірден тазалау;
тірек бөліктердің жұмыс беттерін графиттік құраммен майлау;
металл тірек бөлшектерін бекітуге арналған бұрандаларды тарту;
тіректердің бастарын және ферма асты алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;
конустарды кірден, шөптен және бұталардан тазалау және құламаларды нығайту;
тіректер маңындағы және мұз кескіштердегі мұздарды жару;
сең жүру мен тасқын сулардың өтуін ұйымдастыру;
қарау құрылғыларын тазалау (баспалдақтар, арбалар);
көпір құрылыстарын жоспарлы және мерзімді тексеру;
көпір аймағындағы бұталы өсімдіктерді және су өткізгіш құбырларды 15-25 метр қашықтықта, жоғары және төменгі ағысқа қарай тазарту және ағаштарды кесу, көпір асты аймағын қоқыс пен кесілген материалдарды тиеу, шығару және жоюға беру арқылы санитарлық тазалау;
темірбетон құбырлардың саңылауларын лай мен кірден тазалау;
шағын көпірлер мен құбырлардың саңылауларын күзде жабу және көктемде ашу;
құрылымдардың жекелеген элементтерін (тіреу бөліктер, қоршаулар, тосқауыл қоршаулар, таяныштар, бағандар, тіреуіштер, қоршау қабырғалары, дренаждық құрылғылар және басқалар) орнату, ауыстыру және жөндеу;
көпірлердің металл элементтерін жергілікті бояу;
көпірлер, өтпежолдар жамылғыларының шұңқырларын жөндеу, жамылғылардың жарықшақтарын бітеу;
дефомациялық жіктерді ұсақ жөндеу;
дефомациялық жіктерді алдымен ескі мастикадан тазартып, мастикамен толтыру;
дефомациялық жіктер аймағында немесе олардың үстіндегі жамылғыны ауыстыру;
тротуарлардың асфальтбетон жамылғыларында жарықшақтар мен шұңқырларды толтыру;
тротуарлардың асфальтбетон жамылғыларында жарықшақтар мен шұңқырларды бітеу;
үйме және реттеуші құрылыстардың шайылған жергілікті жерлерін түзету;
бұл жерлердегі суды бір мезгілде шығару арқылы көпірдің үйіндімен түйіскен жеріндегі шұңқырларды толтыру;
тірек маңындағы шайылған саңылауларды бітеу;
10) қысқы кезеңде күтіп-ұстау бойынша қосымша жұмыстарға мыналар жатады:
көктайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу;
көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау;
жолдарды патрульдік тазалау, жолдарды қар үйінділерінен тазалау, жолдың қар жамылғысын пішіндеу, жол жиектеріндегі, беткейлер мен резервтердегі қар жамылғыларын шығару;
жол бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу, кейіннен оларды жол бөлігінен қажетті уақыттан кейін алып тастау;
автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс орындарын және жол сервисі нысандарын қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау;
мұзбен күресу;
тайғақ жерлерге қысқа мерзімді жол белгілерін орнату;
күрделі ауа райы жағдайында жол-жөндеу қызметтері қызметкерлерінің және жол техникасының тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру.
21. Көше жолдарын көгалдандыру қар мен құмды шөгінділерден, эрозиядан қорғау және сәулеттік-көркемдік безендіру үшін жүзеге асырылады. Көгалдандыру орман екпелерін, өндірістік базалардағы жасыл желектерді, клумбаларды, гүлзарларды, көлік айрықтарындағы көгалдарды күтіп-ұстауды, оларды құруды, қалпына келтіруді және сәндік безендіруді қамтиды.
22. Орман екпелерін күтуге келесі жұмыстар жатады:
топырақты күту (трактормен өңдеу, қатардағы топырақты қопсыту, арамшөптермен химиялық күрес);
көше екпелерінің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;
өндірістік базаларда жаңа жасыл желектерді отырғызу, алдындағыларды суару және күту.
23. Орман екпелерін құруға, қалпына келтіруге және сәндік безендіруге келесі жұмыстар жатады:
питомниктерге, ағаш отырғызуға және сәндік безендіруге, көшет өсіруге топырақ дайындау;
орман белдеулерін салу және сәндік безендіру, оның ішінде өндірістік базаларда;
орман белдеулерін және сәндік безендіруді толықтыру және отырғызу;
құдықтарды, ұңғымаларды, суару құбырларын және дренажды арықтарды орнату.
24. Жол айрықтарындағы гүлзарларды, гүлбақтарды, көгалдарды және сәндік екпелерді күтуге мынадай жұмыстар жатады:
топырақты дайындау;
көшет өсіру;
отырғызу, суару және арамшөптерден тазарту;
арамшөптерді жинау;
күзде біржылдық өсімдіктерді жинау.
25. Басқа жұмыстарға мыналар жатады:
көше жолдары мен жол құрылыстарын күзету, оның ішінде мамандандырылған және өрт күзеті;
көше жолдарының жай-күйін және жүріс жолын анықтау мақсатында көше жолдарын патрульдеу, ұсақ жұмыстарды орындау (жол белгілерін түзету, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін жүру бөліктерді мен жол жиектерінен бөгде заттарды жинау), көше жолдарында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
жол бойындағы карантиндік өсімдіктермен және зиянкестермен химиялық және механикалық күрес.
3. Көше жолдары мен олардағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу
26. Көше жолдарын ағымдағы жөндеу авариялық жағдайлардың, көше жолдарындағы ақаулардың туындауының алдын алу, сондай-ақ маршруттық тәсілмен орындалатын қираған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жыл бойы жүргізілетін көше жолдарын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешенін көздейді.
Ол қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге қаражат шегінде ақаулар ведомостері бойынша көше жолдарын тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады.
Жұмыстарды маршруттық тәсілмен орындау кезінде сметалық есептеулер негізінде жұмыстарды орындауға жол беріледі. Ықтимал өсудің алдын алу және оларды неғұрлым елеулі қирауға айналдыру мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде деформациялар мен қирауларды жою жөніндегі жұмыстарды толық орындамауға жол берілмейді.
27. Көше жолдары мен олардағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
1) жер төсемі және су бұру бойынша;
ылғалды және қарлы жерлерде жер төсемінің ұзындығы бойынша шағын учаскелерін көтеру және кеңейту, ісінген учаскелерді жою;
қолданыстағы су бұру арықтарын тазарту, қоқыстарды полигонға тиеу және шығару, жаңа арықтарды қазу, үйінділер мен ойықтардың беткейлерінің зақымдануын түзету және тіктігін азайту, дренажды, қорғаныс және нығайту құрылғыларын, су бұру құрылыстарын және көпірлер мен құбырлардың жанындағы бұру арналарын түзету;
тұрақты шымтезек жамылғысын жасау бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізе отырып, жер төсемі мен резервтердің беткейлерін шөптермен себу, қирауды, көшкіндерді және сел шығарындыларын тазарту;
жол жиектерін толтыру, кесу, жоспарлау және нығайту;
2) жасанды құрылыстар бойынша:
тротуарлардағы деформациялық тігістерді ауыстыру;
үйіндімен түйісетін шеткі тротуар плиталарын ауыстыру;
болат элементтері бар деформациялық жіктердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;
деформациялық жіктердің астындағы су бұратын науаны қалпына келтіру;
су бұру құбырларын жөндеу (құбырларды ұзарту немесе қосымша құбырларды орнату);
тротуарға гидрооқшаулағыштың түйісетін жерінде жамылғыда жіктерді орнату және оларды мастикамен толтыру;
су бұру құбырларындағы оқшаулауды жөндеу;
тротуар блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
тротуар плиталарының ойықтарын жою;
оқшаулауды орнату немесе тротуарларды асфальтбетонмен жабу;
жаңадан анкерлеу арқылы қоршау тіректерін бекіту тораптарын ауыстыру;
көпірлерде күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау (төсемді, арқалық торларды, жекелеген тораптар мен элементтерді ауыстыру, қалауды, жер төсемесімен түйісулерді түзету және т.б.;
көпірдің жүру бөлігіндегі жамылғыларды қалпына келтіру немесе ауыстыру;
гидрооқшаулауды жөндеу;
тротуарларды, тіректерді, жиектастарды жөндеу және ауыстыру;
жарықшақтарды беттік тығыздау, қуыстарды, сынықтарды тұмшалау, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғаныш қабатын қалпына келтіру;
тіректер мен реттеу құрылыстарындағы шұңқырларды жою;
тойтармаларды беріктігі жоғары бұрандаларға ауыстыру;
қаптау жіктерін сөгу, ерітінділерді жарықшақтарға инъекциялау;
құрылымдардағы жарықшақтарды торкреттеу, қалауды, сылақты жөндеу, тойтармаларды ішінара ауыстыру;
арықтар арқылы өтетін көшпелі және өтпелі көпірлерді ауыстыру және түзету;
қалқымалы көпірлердің, паром өткелдерінің және айлақ құрылғыларының шағын зақымдануын түзету (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды түзету);
өтпелі тақталардың ашқыштармен түйісу тораптарын тұмшалау;
деформациялық жіктердің ағуын бұрандаларды тарту арқылы жою;
жылжымалы тақталарда деформациялық жіктерді дәнекерлеу (олар үзілген жағдайда), жетіспейтін серіппелерді орнату;
деформациялық жіктердің механизмдері мен құрылымдарын кішігірім жөндеу;
құбырларды олардың буындары мен секциялары арасындағы жіктерді тығыздау және тығындау арқылы гидрооқшаулауды жөндеу;
жеке тойтармаларды ауыстыру, металл аралық құрылыстар элементтерінің кішігірім деформацияларын түзету;
3) жол жағдайы және жайластыру, қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:
қолданыстағы тротуарларды жөндеу және жаяу жүргіншілер жолдарын, оның ішінде жол учаскелеріндегі жер үсті өткелдерін жаңа тауарларды орнату;
кіреберістер мен өткелдерді, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру объектілерін (бағдаршамдар, электрондық және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру құралдарын жөндеу.
28. Жергілікті учаскелерде жол жамылғысының қауіпті ақаулары мен елеулі деформациялары мен бұзылуларын жою кезінде қауіпті деформациялар мен бұзушылықтарды жою мақсатында, кейіннен алынған материалды негіз қабаты үшін пайдалана отырып және жамылғысының жаңа қабатын төсей отырып, жамылғының ені бойынша жергілікті жерлерді қайлалау орындалады.
4. Көшелер мен олардағы құрылыстарды орташа жөндеу
29. Орташа жөндеу жолдың және олардағы құрылыстардың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіруге байланысты жұмыстарды мерзімді орындауды көздейді.
Техникалық құжаттаманы әзірлеу топогеодезиялық ізденістер негізінде жүргізілуі тиіс. Елді мекендер көшелерінің жүріс бөлігінен су бұруды қамтамасыз ету, көшелердің бойлық бейінін және көлденең еңістерін қалыптастыру үшін жүріс бөлігінің геометриялық параметрлері ҚР СҚ 3.01-101-2013, ҚР СҚ 3.03-01-2013, ҚР СҚ 3.03-101-2013 сәйкес болуы тиіс. Техникалық құжаттамаға бойлық бейінді және жөнделетін көшелердің көлденең бейінін қосу қажет.
30. Орташа жөндеу кезінде жол төсемдерінің тозу қабатын және тегістігін кезең-кезеңімен қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштың, жасанды, қорғану, нығайту, реттеу және басқа да жол құрылыстарының зақымдануын түзету жүргізіледі.
31. Көшелер мен жол құрылыстарын орташа жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
1) жер төсемесі және су бұру бойынша:
топогеодезиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша жер төсемесін себу/кесу;
ылғалды және қарлы жерлерде жер төсемесінің ұзындығы бойынша шағын учаскелерін көтеру және кеңейту, толқынды учаскелерді жою;
қолданыстағы су бұру арықтарын тазарту, қоқыстарды тиеу және қоқыс орындарына шығару, жаңа арықтарды қазу, үйінділер мен ойықтардың беткейлерінің зақымдануын түзету және тіктігін азайту, дренажды, қорғаныс және нығайту құрылғыларын, су бұру құрылыстарын және көпірлер мен құбырлардың жанындағы бұру арналарын түзету;
жол жиектерін себу, тегістеу және нығайту;
2) асфальтбетон жабыны бар жол төсемелері бойынша:
беттік өңдеу, соның ішінде жетілдірілген қоспаларды пайдалана отырып, беттік өңдеу құрылысы;
қолданыстағы жол төсемелерін бөлшектей отырып және қажет болған жағдайда құрылғымен топырақты тұрақтандыра отырып, жөнделетін учаскенің бүкіл бойында тегістеу қабатын және беттік өңдеуді немесе тозу қабатын жекелеген және ісінгіш учаскелерде жетілдірілген жамылғылардың тозған жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және жол төсемелерін салу;
асфальтбетон қоспасының қажетті мөлшерін қоса отырып, қатпарлары, сораптары, тарақтары және басқа да деформациялары мен ақаулары бар жетілдірілген жамылғыларды қайта қалпына келтіру;
жетілдірілген жамылғыларды қайлалау немесе ресайклирлеу, жол төсемесінің негіздерін салу үшін қажетті жаңа материалды қоса және алынған материалды пайдалана отырып, үстіне 2 қабат асфальтбетон жамылғысын төсей отырып, қатпарлары, сораптары, тарақтары және басқа да деформациялары мен ақаулары бар жамылғыларды қайлалау немесе ресайклирлеу;
алдын ала жоғарғы қабатты, ал қажет болса төменгі және тегістеу қабаттарын фрезерлеумен және төсеумен жол төсемесі жамылғысының тозған қабатын ауыстыру;
жолдың (көшенің) техникалық санатын өзгертпестен, ұзындығы 15 километрден аспайтын жол төсемесін күшейту бойынша тиісті есеппен шағыл тас және қиыршақ тас төсемесін асфальтбетон төсемесіне ауыстыру;
жұмыс өндірісінің жаңа материалдары мен технологияларын қолдана отырып, тәжірибелік учаскелерді орнату және оларға мониторинг жүргізу;
құрастырмалы темірбетон жамылғы бойынша;
тозған тақталарды ауыстыру, темірбетон жамылғыларының жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;
қорғаныс қабатын орнату, темірбетон тақталар мен цементбетон жамылғылар сегменттерінің түйіскен жерлерінің көбін жөндеу, асфальтбетон қабаттың жекелеген учаскелерін төсеу;
шағыл тасты және қиыршық тасты төсемелердің, сондай-ақ топырақ жолдың пішінін материалды қосып қалпына келтіру;
қиыршық тасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыру материалдарымен жақсарту;
қозғалыс үшін қауіпті қисық жолдарда бұрылыстарды орнату және көрінуді қамтамасыз ету;
жөнделетін учаскелерде жүру бөлігін белгілеу;
ұзындығы 15 километрден аспайтын жолдың (көшенің) техникалық санатын өзгертпестен, шағыл тас және қиыршық тас төсемесін асфальтбетон төсемеге ауыстыру;
3) жасанды құрылыстар бойынша:
деформациялық жіктердің астындағы су өткізгіш науаны қалпына келтіру;
су бұру құбырларын жөндеу (құбырларды ұзарту немесе қосымша құбырларды орнату);
тротуарға гидрооқшаулағыш түйісетін жерде жамылғыда жіктерді орнату және оларды мастикамен толтыру;
су бұру құбырларындағы оқшаулауды жөндеу;
10 сантиметрден астам шөккен көпірдің үйіндімен түйісу тораптарын жөндеу (шағыл таспен қосымша себу есебінен тегістеу);
үйіндімен түйісетін шеткі тротуар тақталарын ауыстыру;
жол төсемелерін қалпына келтіре отырып, өтпелі тақталардың жекелеген ығысуларын жою;
өтпелі тақталарды ашу арқылы шайылу кезінде топырақ толтыру;
болат элементтері бар деформациялық жіктердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;
жұмыстар жол төсемесі деңгейінде орындалған кезде мастикалық және резеңке толтырғышпен жабық типтегі деформациялық жіктерді ауыстыру;
тротуарлардағы деформациялық жіктерді ауыстыру;
тротуар жамылғысын тегістеу, жаңа жамылғы салу;
тротуар блоктарындағы кең саңылаулардың ойықтарын бітеу, тротуар қасбетін қорғаныш жабынмен өңдеу;
тротуар блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
тротуар блоктарының жапсарларын тығыздау және оқшаулау;
тротуарды қалпына келтіру, жеке зақымдалған блоктарды нығайту немесе ауыстыру;
тротуар тақталарының ойықтарын жою;
оқшаулауды орнату немесе тротуарды асфальтбетонмен жабу;
жекелеген секцияларды жөндеу, жекелеген тірек бағаналарын анкерлеуді күшейту;
көпір құрылысының бүкіл ұзындығы немесе ұзындығының бір бөлігі бойынша қоршауларды ауыстыру;
тіректерді бүкіл ұзындығы бойынша бояу;
тірек бағаналарын нығайту тораптарын жаңадан анкерлеу арқылы ауыстыру;
құрылымдардың барлық бетон беттерін (тақталар, арқалықтар, аркалар және басқа да элементтер) гидрофобтау немесе бояу;
диафрагма жапсарларын жөндеу;
көпірлер мен жол өтпелерін ішінара қайта құру немесе жөндеу, сондай-ақ су өткізу құбырларының габариті мен есептік жүктемесін техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға дейін жеткізумен толық немесе ішінара қайта құру;
өткізу қабілетін арттыра отырып, су өткізгіш құбырларды толық қайта құру;
аумақты су басуының алдын алу үшін жаңа су өткізу құбырларын орнату, көпірлерде күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау (төсемді, арқалық торларды, жекелеген тораптар мен элементтерді ауыстыру, қалауды, жер төсемесімен түйісулерді түзету және т.б. );
алдын ала кернеулі темірбетон және металл аралық құрылыстардағы құрылыстың көтерілуін бақылау;
көпірдің жүру бөлігіндегі жамылғыларды қалпына келтіру немесе ауыстыру;
тротуар блоктарындағы жарықтарды тығыздау, тротуарларға жабын төсеу;
қоршауларды жөндеу немесе қайта құрылымдау;
материалдар мен құрылымдарды ауыстыра отырып, деформациялық жіктерді жөндеу;
гидрооқшаулауды жөндеу;
тротуарды, қоршауларды, жиектерді жөндеу және ауыстыру;
көпірдің жүру бөлігіндегі су бұруды жақсарту, су өткізгіш құбырлар мен терезелерді ауыстыру;
темірбетон құрылымдарының қасбеттік беттерін гидрооқшаулау, негізгі арқалықтардың беттерін бояу;
жарықшақтарды беттік тығыздау, қуыстарды, сынықтарды тығыздау, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғаныш қабатын қалпына келтіру;
металл аралық құрылыстарды түгел бояу;
арқалықтарды байланыстырғыштарды қалпына келтіру;
дренажды және су бұруды, өтпелі тақталарды ауыстыра отырып, көпірдің үйіндімен түйісуін жөндеу;
жер төсемесі құламаларының нығайтуларын және реттеу құрылыстарын жөндеу;
тіректер мен реттеу құрылыстарындағы ойықтарды жою;
металл аралық құрылыстардағы жекелеген элементтерді күшейту, өтпелі фермалары бар көпірлердегі тор элементтерін түзету;
тойтармаларды беріктігі жоғары бұрандаларға ауыстыру;
тірек бөліктерін жөндеу және жобалық жағдайына қайта келтіру;
тірек алаңдарындағы құйылыс тетігін жөндеу және қалпына келтіру;
қаптау жіктерін сөгу, ерітінділерді жарықтарға инъекциялау;
аралық құрылыстар мен тіректердің қарау құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;
тіректердің денесін жөндеу;
темірбетонды аралық құрылыстарды тіреу орындарында тірек бөліктерін күшейту;
құбырлардың жеке буындары мен бастиектерін ауыстыру немесе жөндеу, оқшаулау мен жапсарларды түзету;
тірек қабырғаларын, нығайту және реттеу құрылыстарын, галереялар мен қалқаларды жөндеу, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерін ауыстыру;
4) жол жағдайы және жайластыру, қозғалысты, байланысты және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:
елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелерінде жаңа тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын орнату және қолданыстағы жолдарды жөндеу;
автобус аялдамаларының отыру алаңдарындағы жамылғыны жөндеу;
көшелердің жүру бөлігінен бөлек орналасқан жаңа велосипед жолдарын орнату;
ұзындығы бойынша шағын көше учаскелерін кеңейту кезінде кеңейтуге жататын инженерлік желілерін (қозғалысты, байланысты жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерін) жаңа орынға көшіру;
жаңа жеке қоршаулар орнату, жөнделетін учаскелерде жол белгілері мен бағыттаушы құрылғыларды орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жекелеген жол айрықтарын, демалыс алаңдарын, автомобиль тұрақтарын, көрнекі жерлерді сәулеттік безендіруді және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;
әлеуметтік маңызы бар объектілерде тұрақ орнату;
парковкаларды, кірме жолдар мен өтпелерді, автотұрақтарды, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру объектілерін (бағдаршамдар, электрондық және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру құралдарын орнату және жөндеу;
қолданыстағы желіге қоса отырып, бір көшеге ұзындығы 1 км аспайтын көше жарығын орнату;
қолданыстағы желіге көше жарығын қуатты арттырмай ауыстыру;
жол ақпараттық жүйелері мен кешендерін, жеке жобалаудың белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтандырылған басқарудың элеметтері мен жүйелерін, ауыспалы ақпараты бар дербес және қашықтан басқарылатын белгілер мен таблоларды, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;
автожолдарды (тіреу қабырғаларын, ақпараттық панноларды және басқа да құрыластарды) жайластыру элементтерін жөндеу;
борт (бордюр) тасының құрылысы;
істен шыққан борт (шекаралық) тасын ішінара қалпына келтіру, қайта орнату немесе ауыстыру;
істен шыққан науаларды ішінара ауыстыра отырып, ашық жол-арық жүйесін жөндеу;
тұрғын үйлер мен қоғамдық объектілерді су басуының алдын алу үшін ашық жол-арық жүйесін орнату;
құдықтардың люктарын жол жамылғысының деңгейімен теңестіру;
су қабылдау құдықтарының торларын жол жамылғысының деңгейімен теңестіру;
зақымдалған құдықтардың люктарын ауыстыру;
металл тосқауыл қоршаулардың, шудан қорғайтын экрандардың зақымдалған учаскелерін (элеметтерін) жөндеу, оның ішінде жаңасына ауыстыра жөндеуне автопавильондарды ауыстыру;
5) жолдың пайдалану жай-күйін қалпына келтіруді және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа да түрлері.
5. Көшелерді және олардағы құрылыстарды күрделі жөндеу
32. Көше жолдарын күрделі жөндеу жолдың және жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға, атап айтқанда, жол төсемелері мен олардағы құрылыстардың беріктігін ұлғайтуға байланысты жұмыстарды қолданыстағы техникалық санатын өзгертпестен мерзімді орындауды көздейді.
33. Күрделі жөндеуге жататын жол учаскелері жөндеуаралық қызмет мерзімдері мен жол диагностикасының нәтижелері негізінде белгіленеді.
34. Күрделі жөндеу кезінде жөнделетін жол учаскесінің жалпы ұзындығының 25 пайызына дейінгі жоспарда да, бойлық бейінде де жолдың жекелеген түзетулерін жүргізуге рұқсат етіледі.
35. Көпірлер мен жол өтпелері, сондай-ақ жол-пайдалану қызметінің ғимараттары мен құрылыстарының кешендері қызмет көрсетудің жөндеуаралық мерзімдері мен оларды диагностикалау нәтижелері негізінде күрделі жөндеуге жеке-жеке жіберіледі.
Күрделі жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:
1) жер төсемесі және су бұру бойынша:
жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға оның геометриялық параметрлерін келтіре отырып, жер төсемесін түзету (топырақты кеңейту, көтеру, ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелектеу радиустарын арттыру, бойлық еңістерді жұмсарту, тік қисықтар мен бұрылыстарды салу), жолдың жекелеген учаскелерін түзету;
ісінгіш, көшкінді және опырылғыш учаскелерді жою, дренаждарды, оқшаулағыш қабаттарды орнату және жер төсемесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басқа да жұмыстар;
қолданыстағы су бұру құрылғыларын, жаға қорғағыш және эрозияға қарсы құрылыстарды қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ жаңа қажетті су бұру құрылғыларын салу;
көшелердің қиылыстарында және жанасуларында жер төсемесі мен су бұру жүйесін орнату, сондай-ақ аялдама алаңдарын, көше тұрақтарын, аялдама павильондары мен аялдама қалталарын орнату бойынша жұмыстарды орындау;
жол бойындағы резервтерді, жолдарды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыс аймағында орналасқан жолдардың жойылатын учаскелерін рекультивациялау;
су тасқыны, сел, нөсер және басқа да дүлей қирау салдарын жою;
2) жол төсемелері бойынша:
жол төсемелерін бір қозғалыс жолағынан аспайтындай етіп күшейту (қалыңдату), кеңейту және қолданыстағы жол төсемелерін негіз ретінде регенерациялай және пайдалана отырып, жол төсемелерінің неғұрлым жетілдірілген түрлерін салу, сондай-ақ жолдардың қайта салынатын (түзетілетін) төсемелерінде және елді мекендердің айналма жолдарында және оларға кіреберістерде жол төсемелерін салу, көлік айрықтарында, инженерлік құрылғыларда, тротуарларда, өтпелі және велосипед жолдарында, автобус аялдамаларында және аялдама қалталарында, сондай-ақ оларға өтпелі-жылдамдық жолақтарында жол төсемелерін салу;
шағыл тасты және қиыршық тасты жамылғылардың, сондай-ақ жаңа материалдарды қоса отырып, топырақты жолдардың пішінін түзету, тұтқыр материалдармен жүру бөлігін жақсарту;
жетілдірілген жамылғылардың шеттері бойынша, оның ішінде негізгі жол төсемесінің типі бойынша жасанды және табиғи материалдардан тозған жиектерді ауыстыру және жаңа жиектерді және нығайтқыш жолақтарды салу;
жол төсемелерінің жаңа құрылымдарын, жаңа материалдар мен жұмыстарды жүргізудің жаңа технологияларын қолдана отырып, тәжірибелік учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;
3) жасанды құрылыстар бойынша:
металл көпірдің негізгі арқалықтары мен фермаларының элементтерін түзету және нығайту;
металл аралық құрылыстарды ауыстыру;
көпірдің жүру бөлігін ауыстыру;
су өткізгіш құбырды салу және қайта құру;
буындарды, бастиектерді ауыстыру және құбырларды нығайту;
зақымдалған құбыр сақиналарын ауыстыру;
жаңа сақиналар мен бастиектер есебінен құбырдың ұзындығын ұзарту;
қалқымалы көпірлерді, паром өткелдерін, теміржол өткелдерін тұрақты көпірлер және өтпежолдармен ауыстыру;
тіреу қабырғаларын, қорғаныш нығайту және реттеу құрылыстарын салу және қалпына келтіру;
қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді сынау;
тоннельдердің, қорғаныс галереяларының және таулы жол қалқаларының құрылымдық элементтерін жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галереялар мен қалқаларды тұрақты галереяларға ауыстыру;
4) жол жағдайы және жайластыру, қозғалысты, байланысты және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:
жолдарды немесе олардың жекелеген учаскелерін сәулеттік безендіру және жайластыру;
аялдама алаңдар орнату;
өткізу қабілетін арттыру мақсатында жолақтарды кеңейтуді қоса алғанда, жалпы пайдаланылатын жол көшелеріндегі өткізу пункттерін орнату және жайластыру;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу (қазандықтарға шаң ұстағыш құрылғыларды орнату, су көздерін ластанудан қорғау және басқа да жұмыстар).