ШЕШТІМ:
1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1546 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
1) № 341, 342, 346, 347 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
2) жаңадан ашылған № 675, 676 сайлау учаскелері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы шешімді ресми жарияланған кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жетісу ауданының әкімі | Л. Жылқыбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"Алматы қаласыаумақтық сайлау комиссиясының төрағасы | А. Қалықова |
| Алматы қаласы | |
| Жетісу ауданы әкімінің | |
| 2025 15 желтоқсандағы | |
| № "4" шешіміне | |
| 1 қосымша |
№ 341 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 102 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Потанин көшесі, № 226 үй)
Шекаралары: Герцен көшесінен батысқа қарай Баянауыл көшесінің солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылының шығыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен шығысқа қарай Герцен көшесіне дейін; Герцен көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Баянауыл көшесіне дейін.
№ 342 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 102 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Потанин көшесі, № 226 үй)
Шекаралары: Герцен көшесінен оңтүстікке қарай шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесінен шығысқа қарай солтүстік жағымен Жетісу көшесіне дейін; Жетісу көшесінен солтүстікке қарай батыс жағымен одан әрі Гурьевская, Айтықов көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылынан оңтүстік жағымен батысқа қарай Герцен көшесіне дейін.
№ 346 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 101 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, № 352 үй)
Шекаралары: Сұлтанқарасу өзенінен Бурундай көшесімен оңтүстікке қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінің батыс жағымен Палладин көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінен Палладин көшесінің солтүстік жағымен Айнабұлақ-3 шағынауданының шығыс шекарасына дейін; Айнабұлақ-3 шағынауданының шекарасы бойымен солтүстікке қарай Ермолова көшесіне дейін; Ермолова көшесінің батыс жағымен Мещерский көшесіне дейін; Мещерский көшесімен одан әрі Сұлтанқарасу өзенінің бойымен Бурундайская көшесіне дейін.
№ 347 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 101 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, № 352 үй)
Шекаралары: Палладин көшесі 110/1 үйден Айнабұлақ-3 шағынауданы шекарасының шығыс жағымен, Палладин көшесі 174 үйге дейін; Палладин көшесі 174 үйден солтүстік жағымен одан әрі шығысқа қарай Анна Никольская көшесімен Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінен батыс жағымен солтүстікке қарай Жансүгіров көшесі 392 үйге дейін; Жансүгіров көшесі 352 үйден оңтүстік жағымен батысқа қарай Палладина көшесі 110/1 үйге дейін.
| Алматы қаласы | |
| Жетісу ауданы әкімінің | |
| 2025 жылғы | |
| 15 желтоқсандағы | |
| № "4" шешіміне | |
| 2 қосымша |
№ 675 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 102 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Потанин көшесі, № 226 үй)
Шекаралары: Бондаренко көшесінен Жангелдин көшесінің шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесінен оңтүстік жағымен Қыдырбекұлы көшесіне дейін; Қыдырбекұлы көшесінің батыс жағымен Леваневский көшесіне дейін; Леваневский көшесінен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін; Шерхан Мұртаза көшесінің батыс жағымен Бондаренко көшесіне дейін; Бондаренко көшесінің солтүстік жағымен Жангелдин көшесіне дейін.
№ 676 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 101 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, № 352 үй)
Шекаралары: Палладин көшесі 184 үйден бастап Айнабұлақ шағынауданының шығыс шекарасы бойымен Мағжан Жұмабаев көшесіне дейін; Мағжан Жұмабаев көшесінен солтүстік жағымен шығысқа қарай Мұқатай Беспаков көшесіне дейін; Мұқатай Бепаков көшесінен шығыс жағымен оңтүстікке қарай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесінен солтүстік жағымен шығысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінен батыс жағымен Анна Никольская көшесіне дейін; Анна Никольская көшесінен оңтүстік жағымен батысқа қарай, одан кейин Сельская көшесінен Палладина көшесі 184 үйге дейін.