"Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 3/628 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Мекемені Алматы қаласының әділет органдарында қайта тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

  Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "___" қыркүйектегі №____
қаулысына 2-қосымша

"Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы) Алматы қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90.

      9. Осы Ереже Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) транзиттік-бағдарлық даму, көп орталықты, қадамды қолжетімділік қағидаларында қала құрылыстық жоспарлау;

      2) азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін есепке алып, оның ішінде халықтың аз қамтылған топтарына қолжетімді ортаны қамтамасыз ететін сәулет-қала құрылыстық сапасын арттыруға бағытталған құрылыс салудың заманауи стандарттарын енгізу;

      3) ең үздік тәжірибелер бойынша алдыңғы цифрлық технологиялардың көмегімен қала құрылысы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін, жылдамдығын және қолайлылығын қамтамасыз ету.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1. мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпарат пен қорытындыларды сұратуға және алуға;

      2. Алматы қаласының әкіміне Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

      3. Алматы қаласының әкіміне Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулысының жобаларын, шешімдердің және әкімнің өкімдерін және Мәслихаттың шешімдерін бекітілген тәртіпте енгізуге;

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап арызбен жүгінуге;

      5. Құзіреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыруға;

      6. жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушысы болуға;

      7. қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге құқықтар.

      2) міндеттері:

      1. қоғамдық, экономикалық және экологиялық басымдығын есепке алып, қаланы тұрақты дамытудың кешенді қала құрылыстық стратегиясын жүзеге асыруды үйлестіру, қалыптастыру;

      2. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар сұраған ақпаратты ұсыну;

      3. Алматы қаласы әкімдігімен ұйымдастырылатын жұмыс топтарының құрамына кіреді;

      4. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      5. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарына жауап беру;

      6. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды және кәсіпорындар мен ұйымдардың азаматтарын қабылдауларды ұйымдастыру;

      7. Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастыратын әртүрлі іс-шараларға қатысу;

      8. Қала құрылысы жобаларына цифрлық картадан тиісті үзінділерге салыстырып тексеру жүргізу;

      9. қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге міндеттер.

      14. Функциялары:

      1) Алматы қаласының аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;

      2) Шеберлік-жоспар тұжырымдамасын, қалаларды жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі негізінде транзиттік-бағдарлық, көп орталықты дамыту қағидаларын есепке алып бас жоспарды және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, Алматы қаласының Шеберлік-жоспарын әзірлеу және жүзеге асырылуына көмек көрсету;

      3) Шеберлік-жоспар Тұжырымдамасы және Алматы қаласының Шеберлік-жоспарына сәйкес қала құрылыстық құжаттама әзірлеу;

      4) Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын және Алматы қаласына ықпал ету аймағының қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу және жүзеге асыруды үйлестіру;

      5) Алматы қаласының аумағында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу;

      6) пайдалануға берілетін объектілердің есебін жүргізу және салынып жатқан объектілердің мониторингі;

      7) таңдаулы урбанистика тәжірибелеріне сәйкес қалалық ортаны жайғастырудың ортақ стандарттарының сақталуын жүзеге асыруға қатысу, оның ішінде халықтың барлық топтары үшін инклюзивті қамтамасыз ету арқылы жаяу жүргіншілер аймақтарын, көлік және өзге қоғамдық аймақтарды көріктендіру;

      8) стандарт әзірлеу, сыртқы жарнама орналастыру, ғимараттардың қасбеттерін көркемдеу және сәулеттік келбетті қалыптастыратын өзге қызметтерге бақылау жасау;

      9) геоақпараттық жүйелер әзірлеу және жүргізу;

      10) келешек экономикалық дамудың функционалдық аймақтарын анықтау;

      11) аудандық әкімдіктер және құрылыс салу жобаларының әкімшілерімен бірлесіп нақты жоспарлау жобаларына, қоғамдық кеңістік жобаларына қоғамдық тыңдалым жүргізу;

      12) қызметтің тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығы, жылдамдығын және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру;

      13) ашықтық және есепберушілік қағидаларында мемлекеттік қызмет алушыдардың қанағаттандырылуын жоғарылату үшін мемлекеттік қызмет көрсету;

      14) тапсырысшыларға жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмаларын әзірлеу және беру;

      15) Алматы қаласы "Мекенжайлық тізілім" ақпараттық жүйесін жүргізу және толықтыру;

      16) діни ғимараттар құрылысы, олардың орналасқан орындары, сондай-ақ діни қызмет саласында уәкілетті органның келісімі бойынша нысандардың функционалдық мақсаттарын діни ғимараттар, имараттарға өзгерту туралы шешімдер беру;

      17) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу нысандарының құрылысына қатысушылардың қызметін жүйелендіру;

      18) бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жер учаскелеріне құқықтар беру, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту және объектілерді салу үшін берілген жер учаскелерінің жалдау мерзімін ұзарту, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау туралы өтініштерді қарау;

      19) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау;

      20) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;

      21) Алматы қаласы дизайн-кодының талаптарын сақтауға маңдайшалардың, ғимараттар қасбеттерінің, қалалық ортаны жарықтандырудың, навигация жүйелерінің, көше жиһаздарының, қоршаулардың мониторингін жүзеге асыру;

      22) петицияларды қарау;

      23) қаланың Бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;

      24) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      25) республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi органға келісу үшін енгізу;

      26) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу;

      27) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге функциялар.

3-тарау. "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасын басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады

      17. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді;

      2) өзінің орынбасарлары мен Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін жеке жауап береді;

      4) заңнамаға сәйкес Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) дәйексіз деректерді (қала құрылысы жобаларынан үзінді көшірмелер) ұсынғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарайды;

      6) заңнамамен бекітілген тәртіпте Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      8) Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымын және Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлімдері туралы ережені бекітеді;

      9) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы атынан сөйлейді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

      Алматы қаласыСәулет және қала құрылысы басқармасының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

  Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "____" _______________ №_____
қаулысына 2 қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/78 қаулысы;

      2. "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/78 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 4/659 қаулысы;

      3. "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 2/279 қаулысының 2 тармағы.

Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы"

Постановление акимата города Алматы от 11 сентября 2025 года № 3/628

      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан и законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственном имуществе" акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить положение о коммунальном государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы", согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы" (далее - Учреждение) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) перерегистрацию Учреждения в органах юстиции города Алматы;

      2) направление настоящего постановления в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Признать утратившими силу постановления акимата города Алматы, согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Алматы.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Д. Сатыбалды

  Приложение 1
к постановлению акимата города Алматы
от 11 сентября 2025 года № 3/628

Положение о коммунальном государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы"

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы" (далее – Управление архитектуры и градостроительства города Алматы) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере выполнения функций государственного управления в области архитектурной и градостроительной деятельности на территории города Алматы.

      2. Управление архитектуры и градостроительства города Алматы осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, постановлениями акимата города Алматы, решениями и распоряжениями акима города Алматы, а также настоящим Положением.

      3. Управление архитектуры и градостроительства города Алматы является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. Управление архитектуры и градостроительства города Алматы вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Управление архитектуры и градостроительства города Алматы имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Управление архитектуры и градостроительства города Алматы по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления архитектуры и градостроительства города Алматы и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение юридического лица: 050000, город Алматы, Бостандыкский район, проспект Абая, 90.

      9. Настоящее положение является учредительным документом Управления архитектуры и градостроительства города Алматы.

      10. Финансирование деятельности Управления архитектуры и градостроительства города Алматы осуществляется из местного бюджета.

      11. Управлению архитектуры и градостроительства города Алматы запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления архитектуры и градостроительства города Алматы.

      Если Управлению архитектуры и градостроительства города Алматы законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия коммунального государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы"

      12. Задачи:

      1) градостроительное планирование на принципах транзитно-ориентированного развития, полицентричности, шаговой доступности;

      2) внедрение современных стандартов застройки, ориентированных на повышение архитектурно-градостроительных качеств с учетом социальных потребностей и интересов граждан, в том числе обеспечивающих доступность среды для маломобильных групп;

      3) обеспечение прозрачности, доступности, оперативности и удобства предоставляемых государственных услуг в сфере градостроительства посредством передовых цифровых технологий по лучшим мировым практикам.

      13. Полномочия:

      1) права:

      1. запрашивать и получать необходимую информацию и заключения у государственных органов и иных организаций;

      2. вносить предложения акиму города Алматы по вопросам, входящим в компетенцию Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      3. вносить в установленном порядке проекты постановлений акимата, решений и распоряжений акима и решений Маслихата по вопросам, входящим в компетенцию Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      4. обращаться с иском в суд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      5. осуществлять производство по делам об административных правонарушениях в пределах компетенции;

      6. выступать участником товарищества с ограниченной ответственностью "Научно-исследовательский институт "Алматыгенплан" по решению местного исполнительного органа;

      7. иные права в соответствии с действующим законодательством.

      2) обязанности:

      1. формирование, координация реализации комплексной градостроительной стратегии устойчивого развития города с учетом общественных, экономических и экологических приоритетов;

      2. предоставлять информацию, запрашиваемую другими государственными органами в пределах компетенции Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      3. входить в состав рабочих групп, организуемых акиматом города Алматы;

      4. предоставлять государственные услуги физическим и юридическим лицам в пределах компетенции Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      5. отвечать на запросы физических и юридических лиц в пределах компетенции Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      6. организовывать прием с гражданами и представителями предприятий и организаций по вопросам входящих в компетенцию Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      7. принимать участие в различных мероприятиях, организуемых акиматом города Алматы;

      8. проводить сверки на соответствие выписки из цифровой карты градостроительных проектов;

      9. иные обязанности в соответствии с действующим законодательством.

      14. Функции:

      1) проведение государственной архитектурной, градостроительной и строительной политики на территории города Алматы;

      2) разработка и содействие в реализации Концепции Мастер-плана, Мастер-плана города Алматы с учетом принципов транзитно-ориентированного, полицентричного развития города на основе мирового опыта планирования городов;

      3) разработка градостроительной документации в соответствии с Концепцией Мастер-Плана и Мастер-Планом города Алматы;

      4) разработка и координация реализация Генерального плана развития города Алматы и комплексной схемы градостроительного планирования территорий зон влияния на города Алматы;

      5) разработка проектов детальных планировок на территории города Алматы;

      6) ведение учета вводимых в эксплуатацию объектов и мониторинг строящихся;

      7) участие в реализации соблюдения единых стандартов обустройства городской среды в соответствии с лучшими практиками урбанистики, в том числе по благоустройству пешеходных зон, дворовых пространств, транспортных и прочих общественных зон, с обеспечением инклюзивности для всех слоев населения;

      8) разработка стандарта, контроль размещения наружной рекламы, оформления фасадов зданий и иной деятельности формирующий архитектурный облик;

      9) разработка и ведение геоинформационных систем;

      10) определение функциональных зон перспективного экономического развития;

      11) проведение общественных слушаний проектов детальных планировок, проектов общественных пространств совместно с районными акиматами и администраторами проектов застройки;

      12) цифровизация бизнес-процессов для повышения эффективности деятельности, а также качества, прозрачности, оперативности и доступности государственных услуг;

      13) оказание государственных услуг на принципах открытости и подотчетности для повышения удовлетворенности их получателей;

      14) разработка и выдача заказчикам архитектурно-планировочных заданий на проектирование;

      15) ведение и наполнение информационной системы "Адресный регистр" города Алматы;

      16) выдача решения о строительстве культовых зданий, определении месторасположения, а также изменении функционального назначения объектов в культовые здания, сооружения по согласованию с уполномоченным органом в сфере религиозной деятельности;

      17) регулирование деятельности участников строительства объектов долевого участия в жилищном строительстве в соответствии с законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности;

      18) рассмотрение заявлений о предоставлении прав на земельные участки, изменении целевого назначения земельных участков, продлении срока аренды земельных участков предоставленных для строительства объектов в соответствии с утвержденными градостроительными документами, определении делимости и неделимости земельных участков;

      19) рассмотрение обращений физических и юридических лиц;

      20) анализ обращений и выявление системных проблем, поднимаемых заявителями;

      21) осуществление мониторинга вывесок, фасадов зданий, освещения городской среды, систем навигации, уличной мебели, ограждений на соблюдение требований дизайн-кода города Алматы;

      22) рассмотрение петиций;

      23) внесение проекта Генерального плана города на утверждение в Правительство Республики Казахстан;

      24) разработка и внесение на согласование в уполномоченный орган по делам архитектуры, градостроительства и строительства правил формирования архитектурного облика и градостроительного планирования городов республиканского значения и столицы;

      25) предоставление в установленном порядке информации и (или) сведений для внесения в базу данных государственного градостроительного кадастра;

      26) согласование границ территорий запретной зоны и запретного района при арсеналах, базах и складах Вооруженных Сил Республики Казахстан, других войск и воинских формирований;

      27) иные функции в соответствии с действующим законодательством.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы"

      15. Руководство Управлением архитектуры и градостроительства города Алматы осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление архитектуры и градостроительства города Алматы задач, и осуществление им своих полномочий.

      16. Первый руководитель Управления архитектуры и градостроительства города Алматы назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Первый руководитель Управления архитектуры и градостроительства города Алматы имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя Управления архитектуры и градостроительства города Алматы:

      1) организует и руководит работой Управления архитектуры и градостроительства города Алматы и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление архитектуры и градостроительства города Алматы задач, и осуществление им своих полномочий;

      2) определяет обязанности и полномочия своих заместителей и руководителей отделов Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      3) принимает меры, направленные на противодействие коррупционным правонарушениям в Управлении архитектуры и градостроительства города Алматы, и несет персональную ответственность за принятие данных мер;

      4) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      5) рассматривает дисциплинарную ответственность ответственных должностных лиц за предоставление недостоверных данных (выписки из градостроительных проектов);

      6) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      7) издает приказы в пределах своих полномочий;

      8) утверждает структуру Управления архитектуры и градостроительства города Алматы и положения об отделах Управления архитектуры и градостроительства города Алматы;

      9) представляет Управление архитектуры и градостроительства города Алматы в государственных органах, иных организациях;

      10) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления архитектуры и градостроительства города Алматы" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      19. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество коммунального государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы"

      20. Управление архитектуры и градостроительства города Алматы может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления архитектуры и градостроительства города Алматы формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Управлением архитектуры и градостроительства города Алматы, относится к коммунальной собственности.

      22. Управление архитектуры и градостроительства города Алматы не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы"

      23. Реорганизация и упразднение Управления архитектуры и градостроительства города Алматы осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении Управления архитектуры и градостроительства города Алматы:

      1) товарищество с ограниченной ответственностью "Научно-исследовательский институт "Алматыгенплан".

  Приложение 2
к постановлению акимата города Алматы
от 11 сентября 2025 года № 3/628

Перечень утративших силу постановлений акимата города Алматы

      1. от 4 февраля 2019 года №1/78 "Об утверждении положения коммунального государственного учреждения "Управление городского планирования и урбанистики города Алматы";

      2. от 11 декабря 2023 года №4/659 "О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Алматы от 4 февраля 2019 года №1/78 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Управление городского планирования и урбанистики города Алматы";

      3. пункт 2 постановления акимата города Алматы от 26 апреля 2024 года №2/279 "О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата города Алматы".