Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/242 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
"Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастырады;
16-2) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
16-3) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмысты үйлестіруге қатысады;
16-4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;".
2. "Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Алматы қаласының әділет органдарына "Жастар саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжатына енгізілген толықтырулар туралы хабарлауды;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Д. Сатыбалды |