Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 11-р "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аққулы ауданында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Муканов |
Аудан әкімдігінің 2025 жылғы "18" қыркүйек № 1-16/237 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар
орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Қоғамдық жұмыс объектілері | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 | "Аққулы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |
2 | "Баймолдин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |
3 | "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |
4 | "Қызылағаш ауылдық округ іәкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |
5 | "Қарақала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |
6 | "Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |
7 | "Малыбай ауылдықокругі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |
8 | "Шақа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |
9 | "Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |
10 | "Ямышев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау, тазалау; |