"Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 1-16/155 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      бір ай ішінде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін;

      осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Муканов

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 5 маусымдағы
№ 1-16/155 қаулысымен
бекітілген

"Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ, егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Аққулы ауданы, Аққулы ауылы, Әбылқайыр Баймолдин көшесі, ғимарат 4.

      10. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы:

      - мемлекеттік тілде – "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      - орыс тілінде – Государственное учреждение "Отдел реального сектора экономики района Аққулы".

      12. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      13. Осы Ереже "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі"
ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ мақсаты: Аққулы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ Аққулы ауданында құрылысты дамытуға және құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру.

      17. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметінің мәні аудандық деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік басқару функциясын аудандық деңгейде іске асыру болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сондай-ақ құрылыс, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) аудан аумағында стратегиялық дамудың ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

      3) мемлекеттік энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саясатын, ауданның инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      4) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, басқа елді мекендердегі көшелерді дамыту бағдарламаларын және аудан шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламаларын қамтамасыз ету және іске асыру;

      5) аудан әкімдігінің тапсырмасы бойынша аса маңызды бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      6) өз құзыретi шегiнде кәсiпорындардың және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне мониторинг жүргiзу;

      7) меншік нысанына қарамастан, барлық қатысушылардың (жеткізушілер мен тұтынушылардың) ауданға жылуды электр энергиясымен, сумен, отынмен, газбен тұрақты қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылын үйлестіру;

      19. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтар:

      1-1) сәулет және қала құрылысы мақсатында картографиялық-геодезиялық қорды жүргізу және пайдалану;

      1-2) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы негіздемелерді, болжамдарды, бағдарламаларды дайындау;

      1-3) белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу, сараптау, келісу және бекіту;

      1-4) ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысын тиімді дамытуға бағытталған шараларды талдау және қабылдау;

      1-5) құрылыс саласындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн бiрыңғай үйлестiрудi басқаруды жүзеге асыру;

      1-6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды ұйымдастыру.

      2) Міндеттері:

      2-1) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің, жолаушылар көлігінің, автомобиль жолдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

      2-2) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2-3) ауданның өмiр сүруiн қамтамасыз етудiң инженерлiк жүйелерiнiң, оның iшiнде коммуналдық, инженерлiк, сумен жабдықтау, газ құбырлары желiлерi мен коммуникацияларының жұмыс iстеуiн және дамуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      2-4) абаттандырудың қажетті деңгейіне, санитарлық жағдайына, абаттандыруға және ауданда қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға бақылауды қамтамасыз ету;

      2-5) ауданның елді мекендерінің аудандық жоспарлау схемасын, бас жоспарларын әзірлеу;

      2-6) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының, ауданның ведомстволық бағыныстағы аумақтарын дамыту, абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету қағидаларының шеңберінде қала құрылысы құжаттамасын аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

      2-7) объектілер мен кешендерді орналастыру, объектілер мен құрылыстар салу үшін жер учаскелерін беруге қатысу;

      2-8) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын базалық деңгейде жүргізу;

      2-9) мекенжай тізілімін жүргізу;

      2-10) ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысын дамыту жоспарларын әзірлеу;

      2-11) жеке бағдарламалар бойынша жоспарларды орындау;

      2-12) ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтарын қаржыландыруды жоспарлау;

      2-13) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша бағдарламалар әзірлеу;

      20. Функциялары:

      1) ауданның тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз етедi;

      2) тұрғын үй қорын басқару саласында бақылауды жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады;

      4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды және кезекке қоюды жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      6) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісіне басшылықты жүзеге асырады;

      7) аудан шегінде аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      8) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      9) жолаушылар мен багажды ауданішілік тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді және маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекітеді;

      10) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;

      11) ауданішілік бағыттар бойынша әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;

      12) ауданның елді мекендерін коммуникациялармен және сумен жабдықтау желілерімен, кәрізмен, жылумен, газбен қамтамасыз етуге ықпал етеді;

      13) ауданды дамыту бағдарламасына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шараларын енгізуді қамтамасыз етеді;

      14) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      15) ауданның ауылдық округтерінің әкімдерімен бірлесе отырып, энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақтарды және көшелерді жарықтандыруды жаңғыртуды қамтамасыз етеді;

      16) әлеуметтік объектілерді қысқы мерзімде пайдалануға дайындауға қатысады;

      17) ауданның елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және қадағалайды;

      18) бөлімнің функцияларына жататын істер бойынша талап қоюшы, жауапкер немесе куә ретінде өз бетінше және өкілі арқылы сотқа талап-арыз береді және шығады;

      19) сот шешімімен коммуналдық меншікке өтті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      20) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағын қала құрылысының кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) және ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;

      21) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпараттарды және (немесе) мәліметтерді береді;

      22) аумақты жоспарлы дамыту немесе қала құрылысының басқа да өзгерістері туралы тұрғындарды хабардар етеді;

      23) аумақты салу, инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді оңтайландыру жөніндегі жұмыстардың кешенін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдайды;

      24) объектілерді, сондай-ақ пайдалануға берілген объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау актілерінің есебін жүргізеді;

      25) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, аудандық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткiштерiн сақтау жөнiндегi қызметтi үйлестiредi және олардың күтiп ұсталуын (пайдаланылуын, пайдаланылуын) бақылайды;

      26) аудан аумағының қала құрылысы схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді және аудандық мәслихатқа бекітуге енгізуді ұйымдастырады;

      27) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) әзірлеу үшін әзірленген қала құрылысы жобаларын іске асырады;

      28) жергiлiктi бюджеттен, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлiнетiн республикалық бюджеттен қаржыландырылатын объектiлер мен кешендер құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын зерделейдi және бекiтедi;

      29) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылыс объектілері мен кешендерінің (құрылысы жоспарланған) мониторингін жүзеге асырады;

      30) өзiнiң қарауындағы аумақта құрылыс немесе өзге де қала құрылысы үшiн жер учаскелерiн таңдау, беру, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн алып қою туралы шешiмдер қабылдайды;

      31) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешімдер қабылдайды;

      32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн және ресми құжаттарды қарауды қамтамасыз етедi;

      33) балалар ойын алаңдарында жабдықты пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;

      34) аудандағы құрылыс, сәулет және қала құрылысының дамуына талдауды жүзеге асырады;

      35) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен бірлесіп бекітілген бағдарламалар бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау, негізгі көрсеткіштерді және қаражатты инвестициялау тиімділігін айқындау;

      36) ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысын дамытудың инвестициялық басымдықтарын айқындайды;

      37) өз қызметi саласында заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және оларды жоғарыдағы органдарға енгiзу;

      38) "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудан әкімінің мәжілістеріне материалдар дайындайды;

      39) "Аққулы аудандық экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметінің негізгі бағыттары бойынша азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру;

      40) жаңа құрылыстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге қатысу;

      41) Аққулы ауданының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтауға анықтама беру;

      42) объектілерді салуға сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;

      43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі"
ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      21. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      22. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ бірінші басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатылады.

      23. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      24. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады;

      2) "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ бірінші басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалған өз құзыретіне сәйкес "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметіне қатысты мәселелерді дербес шешеді;

      3) "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ мүддесін білдіреді;

      5) өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасайды;

      6) шарттарды береді;

      7) "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметкерлерді іссапарларға, тағылымдамадан өтуге, қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бойынша оқу орталықтарында оқытудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      8) банк шоттарын ашады;

      9) барлық қызметкерлер орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      10) "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      11) "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

      12) өз орынбасарының және "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      13) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      14) "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;

      15) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      17) "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      25. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      26. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ мен тиісті саласындағы уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы қатынас "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.

      27. "Аққулы ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және ұжымдық шартпен сәйкес белгіленеді.

4-тарау. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ мүлкі

      28. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

      "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі"
ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

      33. "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімінің "Аққу-Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел реального сектора экономики района Аққулы"

Постановление акимата района Аққулы Павлодарской области от 5 июня 2025 года № 1-16/155

      В соответствии с пунктом 2 статьи 40 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18, статьей 124 Закона Республики "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат района Аққулы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел реального сектора экономики района Аққулы".

      2. Государственному учреждению "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" в установленном законадательством порядке обеспечить:

      в течение одного месяца государственную регистрацию Положения в органах юстиции;

      в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата района Аққулы.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района Р. Муканов

  Утверждено
постановлением акимата
района Аққулы
от 5 июня 2025 года № 1-16/155

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Отдел
реального сектора экономики района Аққулы"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" (далее ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы") является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог, жилищной инспекции, строительства, архитектуры и градостроительства на территории района Аққулы.

      2. ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" не имеет ведомств.

      3. ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      5. ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.

      7. ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" и другими актами, предусмотренными трудовым законодательством и иными нормативными правоввыми актами Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" утверждаются в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Павлодарская область, 140700, район Аққулы, село Аққулы, улица Абылкайыра Баймолдина, зд. 4.

      10. Режим работы ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы": рабочие дни понедельник – пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота - воскресенье.

      11. Полное наименование юридического лица:

      - на государственном языке – "Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      - на русском языке – государственное учреждение "Отдел реального сектора экономики района Аққулы".

      12. Учредителем ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" является государственное учреждение "Аппарат акимат района Аққулы".

      13. Настоящее Положение является учредительным документом ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы".

      14. Финансирование деятельности ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" осуществляется из местного бюджета в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      15. ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы".

      Если ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в доход государства, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Цель, предмет деятельности, задачи и полномочия
ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы"

      16. Целью ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" является: обеспечение бесперебойной работы объектов жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог района Аққулы, а так же проведение государственной политики, направленной на развитие строительства в районе Аққулы и обеспечение конституционных прав и свобод граждан в сфере строительства, архитектуры и градостроительства.

      17. Предметом деятельности ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" является осуществление на уровне района мероприятий по обеспечению государственных гарантий в сфере жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог, осуществление на уровне района функции государственного управления в сфере строительства, архитектуры и градостроительства.

      18. Задачи:

      1) реализация государственной политики в сфере жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог, а также в области строительства, архитектуры, градостроительства и жилищной инспекции на территории района;

      2) проведение на территории района государственной политики и осуществление государственных программ, направленных на решение текущих и перспективных задач стратегического развития;

      3) участие в разработке и реализации государственной энергетической, жилищно-коммунальной политики, программ развития инфраструктуры, жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог района;

      4) обеспечение и реализация планов программ развития автомобильных дорог общего пользования, улиц в иных населенных пунктах, программы развития жилищно-коммунальной сферы в пределах района;

      5) участие в разработке и реализации особо важных программ по поручению акимата района;

      6) мониторинг финансово - хозяйственной деятельности предприятий и других хозяйствующих субъектов в рамках своей компетенции;

      7) координация взаимодействия всех участников (поставщиков и потребителей) в стабильном снабжении района тепло электроэнергией, водой, топливом, газом независимо от форм собственности.

      19. Полномочия:

      1) Права:

      1-1) проведение и использование в архитектурно-градостроительных целях картографо-геодезического фонда;

      1-2) составление обоснований, прогнозов, программ в области строительства, архитектуры и градостроительства;

      1-3) разработка, экспертиза, согласование и утверждение в установленном порядке архитектурно-градостроительной и иной проектной (проектно-сметной) документации;

      1-4) анализ и принятие мер, направленных на эффективное развитие строительства, архитектуры и градостроительства района;

      1-5) осуществление единого координационного управления деятельности предприятий и организаций строительной индустрии;

      1-6) организация мероприятий по сохранению и надлежащей эксплуатации жилищного фонда, обеспечение жильем граждан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2) Обязанности:

      2-1) обеспечение бесперебойной работы объектов жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог района;

      2-2) осуществление на территории района государственной политики в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности;

      2-3) организация и обеспечение функционирования и развития систем инженерного обеспечения жизнедеятельности района включая коммунальные, инженерные, водопроводные, газопроводные сети и коммуникации;

      2-4) обеспечение контроля за необходимым уровнем благоустройства, санитарного состояния, озеленения и проведения комплекса мероприятий по созданию и поддержанию благоприятной окружающей среды в районе;

      2-5) разработка схемы районной планировки, генеральных планов населенных пунктов района;

      2-6) предоставление на утверждение районному маслихату градостроительной документации в составе программ социально-экономического развития района, правил застройки, благоустройства и инженерного обеспечения подведомственной территории района;

      2-7) размещение объектов и комплексов, участие в предоставлении земельных участков для строительства объектов и сооружений;

      2-8) ведение государственного градостроительного кадастра на базовом уровне;

      2-9) ведение адресного регистра;

      2-10) разработка планов развития строительства, архитектуры и градостроительства района;

      2-11) выполнение планов по отдельным программам;

      2-12) планирование финансирования основных направлений и приоритетов бюджетной политики в строительстве, архитектуре и градостроительстве района;

      2-13) разработка программ по поручению акима района.

      20. Функции:

      1) обеспечивает контроль за организацией мероприятий по сохранению и надлежащей эксплуатации жилищного фонда района;

      2) осуществляет контроль в сфере управления жилищным фондом;

      3) является уполномоченным органом по распределению жилищ из государственного жилищного фонда;

      4) осуществляет постановку на учет и очередность граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;

      5) организует работы по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог общего пользования районного значения в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, в области государственно-частного партнерства и о концессиях;

      6) управляет сетью автомобильных дорог районного значения общего пользования;

      7) осуществляет контроль при производстве работ по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог районного значения общего пользования, в пределах района;

      8) принимает решения о предоставлении автомобильных дорог районного значения или их участков в безвозмездное временное пользование;

      9) организует регулярные внутрирайонные перевозки пассажиров и багажа, утверждает их маршруты, организует и проводят конкурсы на право их обслуживания и утверждает расписание движения по маршрутам;

      10) ведет реестр маршрутов регулярных внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа;

      11) осуществляет субсидирование убытков перевозчиков при осуществлении социально значимых перевозок пассажиров на внутрирайонных сообщениях;

      12) содействует обеспечению коммуникациями и сетью водоснабжения, канализацией, теплоснабжением, газоснабжением населенных пунктов района;

      13) обеспечивает включение мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности в программу развития района;

      14) реализует в пределах своей компетенции государственную политику в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;

      15) обеспечивает модернизацию паркового и уличного освещения с учетом использования энергосберегающих ламп, совместно с акимами сельских округов района;

      16) участвует в подготовке объектов социальной сферы к эксплуатации в зимнее время;

      17) организует и контролирует работы по благоустройству и санитарной очистке населенных пунктов района;

      18) предъявляет иски и выступает в судах самостоятельно и через представителя в качестве истца, ответчика, свидетелей по делам, связанных с функциями отдела;

      19) организует работы по управлению бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность;

      20) координирует деятельность по реализации утвержденной в установленном законодательством порядке комплексной схемы градостроительного планирования территории района (проекта районной планировки), генеральных планов сельских населенных пунктов;

      21) предоставляет в установленном порядке информацию и (или) сведения для внесения в базу данных государственного градостроительного кадастра;

      22) информирует население о планируемой застройке территории либо иных градостроительных изменениях;

      23) принимает решения о строительстве, инженерной подготовке территории, благоустройстве и озеленении, консервации строительства незавершенных объектов, проведении комплекса работ по постутилизации объектов районного значения;

      24) ведет учет актов приемки объектов в эксплуатацию, а также объектов (комплексов), вводимых в эксплуатацию;

      25) координирует деятельность за сохранением жилищного фонда, коммуникаций, памятников истории и культуры районного значения, контроль за их содержанием (использованием, эксплуатацией);

      26) организует разработку и представление на утверждение районному маслихату схем градостроительного развития территории района, а также проектов генеральных планов городов районного значения, поселков и иных сельских населенных пунктов;

      27) реализует градостроительные проекты, разрабатываемые для развития утвержденных генеральных планов (схем территориального развития) населенных пунктов;

      28) рассматривает и утверждает предпроектную и проектную (проектно-сметную) документацию на строительство объектов и комплексов, финансируемых за счет местного бюджета, а также республиканского бюджета, выделенного на финансирование местного бюджетного инвестиционного проекта;

      29) ведет мониторинг строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов в порядке, установленном уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства;

      30) принимает решения по выбору, предоставлению, а в случаях, предусмотренных законодательными актами, и изъятию для государственных нужд земельных участков на подведомственной территории для застройки или иного градостроительного освоения;

      31) принимает решения о реконструкции посредством перепланировки помещений существующих зданий;

      32) обеспечивает в установленном законодательством Республики Казахстан порядке рассмотрение обращений физических и юридических лиц, служебных документов;

      33) осуществляет контроль за безопасностью эксплуатацией оборудования на детских игровых площадках;

      34) осуществляет анализ развития строительства, архитектуры и градостроительства района;

      35) анализ исполнения местного бюджета по утвержденным программам, совместно с отделом экономики и бюджетного планирования, определение основных показателей и эффективности вложения средств;

      36) определяет инвестиционные приоритеты развития в строительстве, архитектуре и градостроительстве района;

      37) анализ и обобщение практики применения законодательства в сфере своей деятельности, разработка предложений по его совершенствованию и внесение их в вышестоящие органы;

      38) подготавливает материалы на заседания акимата района и акиму района по вопросам, касающихся деятельности ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы";

      39) рассмотрение устных и письменных обращений граждан, касающиеся основных направлений деятельности ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы";

      40) участие в строительстве новых, реконструкции и капитальном ремонте строений, зданий, сооружений, инженерных и транспортных коммуникаций;

      41) выдача справки по определению адреса объекта недвижимости на территории района Аққулы;

      42) выдача архитектурно-планировочного задания на строительство объектов;

      43) осуществляет иные функции, в соответствии законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя
ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы"

      21. Руководство ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" задач и осуществление им своих полномочий.

      22. Первый руководитель ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

      23. Первый руководитель ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" имеет заместителя, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с Законом Республики Казахстан.

      24. Полномочия первого руководителя ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы":

      1) осуществляет общее руководство деятельностью ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" задач и осуществление им своих функций;

      2) первый руководитель ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;

      3) без доверенности действует от имени ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы";

      4) представляет интересы ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" в государственных органах иных организациях;

      5) заключает договоры, соглашения в пределах своей компетенции;

      6) выдает договоры;

      7) утверждает порядок и планы ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в учебных центрах иным видам повышения квалификации сотрудников;

      8) открывает банковские счета;

      9) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;

      10) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы";

      11) принимает меры и налагает дисциплинарные взыскание на сотрудников ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      12) определяет обязанности и полномочий своего заместителя и иных сотрудников ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы";

      13) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением и местным исполнительным органом;

      14) исполнение полномочий первого руководителя ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан";

      15) определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством;

      16) противодействует коррупции и несет за это персональную ответственность;

      17) направляет сотрудников ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" в служебные командировки;

      18) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      25. Взаимоотношения между ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (местным исполнительным органом района) регулируется Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      26. Взаимоотношения между ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" и уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом района) регулируются Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О государственной службе в Республике Казахстан".

      27. Взаимоотношения между администраций ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" с трудовым коллективом определяется в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О государственной службе в Республике Казахстан" и коллективным договором.

Глава 4. Имущество ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы"

      28. ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" имеет на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      Имущество ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      29. Имущество, закрепленное за ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" относится к районной коммунальной собственности района.

      30. ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

Глава 5. Реорганизация и упразднение ГУ "Отдел
реального сектора экономики района Аққулы"

      31. Реорганизация и упразднение ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" осуществляются в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.

      32. При упразднении (ликвидации) ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы" имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в районной коммунальной собственности.

      33. Перечень организаций находящихся в ведении ГУ "Отдел реального сектора экономики района Аққулы"

      1) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Акку-Сервис" отдела реального сектора экономики района Аққулы, акимата района Аққулы.