Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | Қ. Кожин |
| Павлодар қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 274/38 шешіміне 1-қосымша |
Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

| Павлодар қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 274/28 шешіміне 2-қосымша |
Павлодар қаласының жер салығының мөлшерлемелері
Аймақтың нөмірі | Арттыру пайызы |
1 | +50% |
2 | +40% |
3 | +30% |
4 | +20% |
