Ескерту. 14.03.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім 2025 жылғы 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | К. Кожин |
| Павлодар қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 225/26 шешіміне қосымша |
Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Қызметтердің құны (қосылған құн салығын қоса алғанда) теңге |
Жайлы үйлер |
1 тұрғыннан | 534 |
Жайлы емес үйлер |
1 тұрғыннан | 604 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м3 | 2324 |