БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге;";
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құзыреті шегінде мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі бағыттарын іске асыру және оны одан әрі дамыту;";
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-1) азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың іс-әрекеттерін бекіту үшін техникалық құралдарды пайдалану;
"11-2) азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бекіту үшін техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;";
14), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"14) халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын әзірлеу;
15) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын әзірлеу;
16) азаматтық қорғау саласында оқудан өткен тыңдаушыларға берілетін бірыңғай үлгідегі сертификат нысанын әзірлеу;";
18), 19), 20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Төтенше жағдайлар министріне (бұдан әрі – Министр) әзірлеп, бекітуге енгізу үшін:
азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымын;
соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери қатерлердің өсуі кезінде Министрліктің іс-қимыл жоспарын;
қорғаныс мүддесінде Министрлік инфрақұрылымы мен объектілерінің даярлау жоспарын;
азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау іс-шараларының жоспарын;
азаматтық қорғау саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшы құрамын және мамандарын даярлау мен қайта даярлау жоспарын;
19) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ұсыну;
20) азаматтық қорғаныс бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралардың мазмұны мен көлемдері жөнінде ұсыныстар дайындау;
21) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылатын азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселелері жөнінде шешімдер дайындау;";
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы мен орталық атқарушы органдар үшін қосалқы (қала сыртындағы) және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;";
26) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"26) Комитет құзыреті шеңберінде Қарулы Күштердің оқу-жаттығуларына, Ұлттық экономика министрлігінің әскери-экономикалық оқу-жаттығуларына Министрлік күштері мен құралдарының қатысу іс-шараларын жоспарлау;
27) Комитет құзыреті шеңберінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;";
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31) азаматтық қорғау саласында білімді насихаттауды, халық пен мамандарды оқытуды ұйымдастыру;";
34), 35), 36) және 37) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"34) азаматтық қорғаныс және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің қызметін қамтамасыз ету саласында әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және бекіту;
35) Министрліктің құрылымдары мен штаттарының, оның құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің, арнайы құралымдардың соғыс уақытына арналған жобаларына ұсыныстар дайындау;
36) азаматтық қорғаныс, Министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша жиындарды, оқу-жаттығулар мен жаттығуларды дайындау және өткізу;
37) соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу;";
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"42) Комитеттің құзыреті шегінде:
стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштеріне әзірлеуді жүзеге асыру;
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;";
мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2), 52-3), 52-4), 52-5), 52-6), 52-7), 52-8), 52-9), 52-10), 52-11), 52-12), 52-13), 52-14) және 52-15) тармақтармен толықтырылсын:
"52-1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысу;
52-2) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес ведомстволық бағынысты объектілерді күзету және қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін бақылауды қамтамасыз ету;
52-3) Комитет құзыреті шеңберінде азаматтық қорғау органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз ету;
52-4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қатынас жолдарын техникалық бүркемелеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;
52-5) әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамытуға және ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысу;
52-6) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен тікелей өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
52-7) Комитет құзыреті шеңберінде әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу;
52-8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның бірінші басшысының актісі негізінде мемлекеттік орган шегінде әскери мүлікті беруге қатысу;
52-9) жедел басқарудағы қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асыру;
52-10) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері және сатып алуға ұсынылатындары үшін тактикалық-техникалық сипаттамаларды айқындау жөніндегі комиссияға қатысу;
52-11) қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдап алуға қатысу;
52-12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысу;
52-13) қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін әзірлеу;
52-14) "Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы" акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру;
52-15) азаматтық қорғау құралымдарын үйлестіру;";
мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:
"53-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және әкімшілік жазалар қолдану;";
55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"55) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізу кестелерін, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізбелерін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:
"55-1) мемлекеттік органдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарының, тексеруді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы қорытындының нысанын әзірлеу;";
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"56) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және өрттердің алдын алу және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалар беру;";
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"58) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға нұсқамалар беру;";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді жүзеге асыру;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.";
4) тармақша алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен мәліметтерді сұрату және алу;
3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде халықаралық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;
4) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге, семинарларға, конференцияларға қатысу;
5) жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есептерді және басқа да мәліметтерді сұрату және алу;
6) есептерді, статистикалық деректерді, мәліметтерді сұрату;
7) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
8) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
9) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізу.";
14-1-тармақ алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
2) өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулерді ұйымдастыру;
3) өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестіру;
4) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін өрт-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарын әзірлеу және жіберу;
5) Министрліктің аумақтық органдарының мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру;
6) елді мекендердегі және объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртпен күресуге әзірліктерін бақылауды жүзеге асыру;
7) елді мекендер мен мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің аумақтарын өрттен қорғауды қамтамасыз ету;
8) қызметтік жұмыс бағыты бойынша жыл сайынғы талдаулар жүргізу;
9) өрт-құтқару спортын жетілдіру бойынша қызметті ұйымдастыру;
10) өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді жүзеге асыру;
11) азаматтарға, лауазымды тұлғалар мен заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар беру;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және олардың негізінде сотқа жеке немесе заңды тұлғаның қызметін ішінара немесе толықтай тоқтату немесе тыйым салу туралы талап-арыз жасау және жолдау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын толық немесе ішінара тоқтата тұру, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен қағидаларын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының жобаларында көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттар мен құрылыстарды, электр желілерін, жылу беру аспаптарын және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;
14) өрт қауіпсіздігі саласындағы шаралар туралы халыққа хабар беру және ұйымдастыру;
15) өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді насихаттау, халықты, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын оқыту;
16) Министрлікке жарақ, техника, қорғау құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдардың қажеттілігін айқындау үшін ұсыныстар дайындау;
17) кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша оқыту курстарының бағдарламаларын, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
18) кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламаларын, сондай-ақ оларды бітіруі туралы куәліктің үлгісін әзірлеу;
19) ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын әзірлеу;
20) ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу;
21) өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлеу;
22) өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлеу;
23) өрт сөндіру бөлімшелері үшін өрт және арнайы техника, өрт-техникалық жарақ, авариялық-құтқару жабдығын сатып алуға техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге қатысу;
24) бюджеттік өтінімді қалыптастыруға және мемлекеттік сатып алу жөніндегі жыл сайынғы конкурстарды өткізуге, сатып алынатын өрт-техникалық және құтқару ресурстарын қабылдауға және есептен шығаруға қатысу;
25) азаматтық қорғау органдарының және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерінің нысанын әзірлеуге қатысу;
26) Министрліктің аумақтық органдарының жедел-қызметтік жұмысын кешенді тексеруге қатысу;
27) командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысу және оқу-жаттығуларда өртке қарсы қызметтер бөлімшелерінің тактикалық іс-қимылдарын үйлестіру;
28) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;
29) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, олардың материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын әзірлеу;
30) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидаларын әзірлеу;
31) өз құзыреті шегінде техникалық регламенттерді әзірлеу;
32) өз құзыреті шегінде сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлеу;
33) өз құзыреті шегінде сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;
34) сараптама ұйымдарын аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастыру;
35) өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын әзірлеу;
36) сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
37) зерттеу сынақ өрт зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
38) Өртке қарсы қызметтің Жұмыс жарғысын әзірлеу;
39) кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын әзірлеу;
40) Комитеттің құзыреті шегінде:
стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және стандарттау бойынша ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу;
өрт қауіпсіздігі саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөніндегі ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
41) өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттегіш құрал енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған жекелеген саладағы немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсыну үшін дайындау;
42) кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
43) кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлеу;
44) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
45) өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
46) азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, азаматтардың, лауазымды тұлғалардың ауызша және жазбаша арыздарын, жолданымдары мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарау, олар бойынша шешімдер қабылдау;
47) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
48) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
49) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлеу;
50) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын әзірлеу;
51) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының нысанын әзірлеу;
52) Министрліктің аумақтық органдарымен объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
53) белгіленген нормалар мен қағидалары жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнайы техникалық шарттарды келісу қағидаларын әзірлеу;
54) белгіленген нормалар мен қағидалары жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнайы техникалық шарттарды келісуді жүзеге асыру;
55) өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілердің тізбесін, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;
56) өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша "Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы" Акционерлік қоғамының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
57) казармалық жағдайда болған кезде және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тамақпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
58) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін әзірлеу;
59) Министрліктің аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
60) Қазақстан Республикасының кодекстерінде, заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыру.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.";
19-тармақ алып тасталсын;
20-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Комитетте техникалық нормалау мәселелері бойынша қызметке басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант |
Ш. Әрінов |