Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 20 бұйрығы.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 18.06.2026 № 79 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысаны бекітілсін.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 20 бұйрығымен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысаны

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабы 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 18.06.2026 № 79 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;

      4) тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ұйымның есебі (бұдан әрі – Есеп) – ұйымның тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратын қамтитын құжат;

      5) ұйым – тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төлейтін квазимемлекеттік сектор субъектісі;

      6) ұйымның атқарушы органы – алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 22.06.2026 № 81 (01.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты қалыптастыру тәртібі мен нысаны

      3. Есепті ұйымның атқарушы органы есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей ұйымның жылдық қаржылық есептілігі, мемлекеттік кәсіпорынның және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің даму жоспарының орындалуы туралы есеп, сондай-ақ ұйымның басқару органдарының таза кірісті бөлу тәртібі бойынша шешімдері негізінде қалыптастырады.

      Есеп ұйым тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төлеуден босатылған жағдайда да қалыптастырылады.

      4. Ұйым есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 5 (бесінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізу үшін акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есепті, тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты береді.

      Есепке түсіндірме жазба қоса беріледі, ол тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдаланудың әрбір бағыты бойынша ақпаратты қамтиды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      Есепте тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кірістің бір бөлігінің нақты пайдаланылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.

      Есеп пен оған түсіндірме жазбаға ұйымның атқарушы органының басшысы қол қояды.

      5. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану не мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде ұйымдардың есептерін бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      6. Ұйымның есептері Кодекстің 56-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қосылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрінің
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 20 бұйрығымен
бекітілген

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 18.06.2026 № 79 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;

      4) тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ұйымның есебі (бұдан әрі – Есеп) – ұйымның тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратын қамтитын құжат;

      5) ұйым – тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төлейтін квазимемлекеттік сектор субъектісі;

      6) ұйымның атқарушы органы – алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.

2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты беру тәртібі мен нысаны

      3. Есепті ұйымның атқарушы органы есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей ұйымның жылдық қаржылық есептілігі, мемлекеттік кәсіпорынның және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің даму жоспарының орындалуы туралы есеп, сондай-ақ ұйымның басқару органдарының таза кірісті бөлу тәртібі бойынша шешімдері негізінде қалыптастырады.

      Есеп ұйым тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төлеуден босатылған жағдайда да қалыптастырылады.

      4. Ұйым есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 5 (бесінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізу үшін акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есепті, тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты береді.

      Есепке түсіндірме жазба қоса беріледі, ол тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдаланудың әрбір бағыты бойынша ақпаратты қамтиды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      Есепте тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кірістің бір бөлігінің нақты пайдаланылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.

      Есеп пен оған түсіндірме жазбаға ұйымның атқарушы органының басшысы қол қояды.

      5. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану не мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде ұйымдардың есептерін бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      6. Ұйымның есептері Кодекстің 56-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қосылады.

  Бұйрыққа қосымша
Квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің тиісті бюджетке
аударымдардан немесе
дивидендтер төленгеннен кейін
қалған таза кіріс қаражатын
пайдалануы туралы ақпарат беру
қағидалары мен нысандарына
қосымша
Нысан

      Ұсынылады: акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына;

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік нысанның атауы: "Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп";

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ТКҚПЕ

      Кезеңділік: жыл сайынғы;

      Есепті кезең: 20__жылғы;

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 5 (бесінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


 


 

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп

Р/с

Ұйымның атауы

Есепті жыл ____________

Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс, мың теңге

Оның ішінде пайдаланудың негізгі бағыттары:

өндірісті дамытуға, мың теңге

инвестициялық жобаны іске асыруға, мың теңге

резервтерді қалыптастыруға, мың теңге

өзге бағыттарға (толық жазылсын), мың теңге


1

2

3

4

5

6








Атауы_____________________________________ ___________________________________________

Мекенжайы______________________________ ________________________________________

      Телефоны _____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________

      Орындаушы____________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      _______________________________________________________________________

  "Тиісті бюджетке
аударымдардан немесе
дивидендтер төленгеннен
кейін қалған таза кіріс
қаражатын пайдалануы туралы
есеп" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ТКҚПЕ, жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында ұйымның атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында ұйымның тиісті бюджетіне дивидендтер немесе аударымдар төленгеннен кейін қалған таза кіріс көрсетіледі.

      7. Нысанның 3, 4, 5 және 6-бағандарында таза кірістің негізгі бағыттары (өндірісті дамытуға, инвестициялық жобаны іске асыруға, резервтерді қалыптастыруға, өзге де бағыттарға) көрсетіледі.

     

Об утверждении Правил и формы предоставления информации субъектами квазигосударственного сектора об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 20.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и с подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике", ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики РК от 18.06.2026 №79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила и форму предоставления информации субъектами квазигосударственного сектора об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет.

      2. Департаменту политики управления государственными активами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа его направление для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра –
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
С. Жумангарин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Заместитель Премьер-
Министра –Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
от 30 апреля 2025 года № 20

Правила и формы предоставления информации субъектами квазигосударственного сектора об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет

      Сноска. Правила – в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики РК от 18.06.2026 №79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1.Настоящие Правила и формы предоставления информации субъектами квазигосударственного сектора об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и с подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и определяют порядок предоставления информации субъектами квазигосударственного сектора об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики РК от 18.06.2026 №79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в области исполнения бюджета, ведения бухгалтерского учета, бюджетного учета и бюджетной отчетности по исполнению республиканского бюджета и в пределах своей компетенции – местных бюджетов, внебюджетных фондов;

      2) местный уполномоченный орган по исполнению бюджета – исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета, осуществляющий функции в сфере исполнения бюджета, ведения бухгалтерского учета, бюджетного учета и бюджетной отчетности по исполнению местного бюджета;

      3) субъекты квазигосударственного сектора – государственные предприятия, товарищества с ограниченной ответственностью, акционерные общества, в том числе Фонд национального благосостояния, национальные управляющие холдинги, национальные холдинги, национальные компании, учредителем, участником или акционером которых является государство, а также дочерние, зависимые и иные юридические лица, являющиеся аффилированными с ними в соответствии с законами Республики Казахстан, фонд социального медицинского страхования, Государственный фонд социального страхования, некоммерческая организация, обеспечивающая условия для деятельности органов, их организаций и участников Международного финансового центра "Астана";

      4) отчет организации об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет (далее – Отчет) – документ, содержащий информацию организации об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет;

      5) организация – субъект квазигосударственного сектора, который выплачивает дивиденды или отчисления в соответствующий бюджет;

      6) исполнительный орган организации – коллегиальный орган или лицо, единолично осуществляющее функции исполнительного органа.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра национальной экономики РК от 22.06.2026 №81 (вводится в действие c 01.07.2026).

Глава 2. Порядок и форма предоставления информации субъектами квазигосударственного сектора об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет

      3. Отчет формируется не позднее 1 (первого) февраля второго года, следующего за отчетным, исполнительным органом организации на основе годовой финансовой отчетности организации, отчета об исполнении плана развития государственного предприятия и контролируемого государством акционерного общества или товарищества с ограниченной ответственностью, а также решений органов управления организации по порядку распределения чистого дохода.

      Отчет формируется также в случае освобождения организации от уплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет.

      4. Организация, в срок не позднее 5 (пятого) февраля второго года, следующего за отчетным, предоставляет Отчет субъекта квазигосударственного сектора об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет по форме согласно приложениям 1 и 2 к настоящим Правилам в соответствующий государственный орган, местный исполнительный орган или аппарат акима города районного значения, села, поселка, сельского округа, осуществляющий права владения и пользования государственным пакетом акций (долей участия в уставном капитале), информацию об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет, для включения в состав годового отчета об исполнении соответствующего бюджета.

      К отчету прилагается пояснительная записка, которая включает в себя информацию по каждому направлению использования средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет и является его неотъемлемой частью.

      В отчете указывается информация о фактическом использовании части чистого дохода оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет.

      Отчет и пояснительная записка к нему подписываются руководителем исполнительного органа организации.

      5. Государственные органы, осуществляющие права владения и пользования государственным пакетом акций (долей участия в уставном капитале) акционерного общества (товарищества с ограниченной ответственностью) либо управления государственными предприятиями в срок не позднее 10 (десятого) февраля второго года, следующего за отчетным годом, представляют отчеты организаций в центральный или местный уполномоченный орган по исполнению бюджета.

      6. Отчеты организации включаются в годовой отчет об исполнении республиканского или местного бюджета в порядке, предусмотренном пунктом 4 статьи 56 Кодекса.

  Приложение к приказу
  Приложение к Правилам
и формам предоставления
информации субъектами
квазигосударственного сектора
об использовании средств
чистого дохода, оставшихся
после выплаты дивидендов
или отчислений в
соответствующий бюджет

Отчет субъекта квазигосударственного сектора об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет

      Сноска. Приложение – в редакции приказа и.о. Министра национальной экономики РК от 22.06.2026 №81 (вводится в действие c 01.07.2026).

Наименование организации

 
Отчетный год ____________

Всего чистый доход, оставшийся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет, тысяч теңге

В том числе основные направления использования:

на развитие производства, тысяч теңге

на реализацию инвестиционного проекта, тысяч теңге

на формирование резервов, тысяч теңге

иные направления (расшифровать), тысяч теңге

1

2

3

4

5

6







  Приложение к форме,
предназначенной для сбора
административных данных
"Отчета об использовании
средств чистого дохода,
оставшихся после выплаты
дивидендов или отчислений в
соответствующий бюджет"

Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных на безвозмездной основе "Отчет об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет" (1-ОИСЧД, годовая)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее пояснение определяет единые требования по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет" (далее – Форма).

      2. Форма подписывается руководителем, либо лицом, исполняющим его обязанности, с указанием его фамилии и инициалов.

      3. Форма заполняется на государственном и русском языках.

Глава 2. Пояснение по заполнению Формы

      4. В графе 1 Формы указывается порядковый номер.

      5. В графе 2 Формы указывается наименование организации.

      6. В графе 3 Формы указывается чистый доход, оставшийся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет организации.

      7. В графах 3, 4, 5 и 6 Формы указывается основные направления чистого дохода (на развитие производства, на реализацию инвестиционного проекта, на формирование резервов, на иные направления).